"Мектеп аруы – 2025" байқауының қалалық кезеңі!
"Мектеп аруы – 2025" байқауының қалалық кезеңі! Осы додада өз өнері мен білімі арқылы оза шауып, Сағидолдина Аружан 1-орын иеленсе, ерекше сүйкімділігімен, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген Төлеуғазы Айзада "Көрермен көзайымы" номинациясына лайық деп танылды. Бұл жеңіс – тек сұлулықтың ғана емес, қажырлы еңбек пен ізденістің жемісі! Жас аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы белестеріңіз биік болсын!