Оқушыларға » Страница 5 » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Балдәурен" республикалық лагерінің пікірсайыс ауысымында "TEDx Baldauren" республикалық пікірсайыс байқауы
29
маусым
2023
"Балдәурен" республикалық лагерінің пікірсайыс ауысымында "TEDx
Гимназиямыздың "Тарлан" дебат үйірмесінің спикері Төлеуғазы Айзада, қазір "Балдәурен" республикалық лагерінің пікірсайыс ауысымында "TEDx Baldauren" республикалық пікірсайыс байқауына қатысып, 3-орын алды. Жас пікірсайысшымызды шын жүректен құттықтаймыз! Үйірме жетекшісі: А.Т. Шидербаева. #мен_пікірсайысшымын #я_дебатер 
Мектеп гимназиямыздың 11-сынып түлектерінің мемлекеттік аттестаттары табысталды.
22
маусым
2023
Мектеп гимназиямыздың 11-сынып түлектерінің мемлекеттік аттестаттары
2022-2023 оқу жылында мектебімізден 54 түлек түлеп ұшқалы отыр. "Алтын белгімен"-3 оқушы, "Үздік аттестат-13 оқушы", жалпы орта білімді аяқтау туралы -38 оқушы марапатталды. Түлектерімізді білім мен сенімді ақтап шығуларымен құттықтаймыз!  
2023 жылдың 16 маусым күні негізгі орта мектеп бітіруші 9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру жиыны болып өтті.
16
маусым
2023
2023 жылдың 16 маусым күні негізгі орта мектеп бітіруші 9-сынып
 Аталған шара барысында мектеп директоры Алма Медетқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Тоқсейтова жас түлектерді құттықтап, ізгі тілектерін білдіре отырып, аттестатты табыстады. Ақ жол, сәт сапар, жас түлек !
Жазғы лагердің 7 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫна барып, «Арыстан патшалығы» ертегісін тамашалады.
12
маусым
2023
Жазғы лагердің 7 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің
Мақсаты: Оқушыларды театр қойылымдарына апару арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, мәдени орындарға бару белсенділігін қалыптастыру және  мәдени-эстетикалық тәрбие беру болды. Ертіс жағалауында серуен кұрып, көңіл көтерді. #balademalys2023 
Жазғы лагердің 5 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің 5-ші күнгі жоспары бойынша "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
09
маусым
2023
Жазғы лагердің 5 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің 5-ші
Іс-шара мақсаты - балалардың тапқырлығын, қырағылығын, икемділікке, шапқыншылығын дамыту. Сайысқа 4 топтың оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Ұйымдастырушы тәрбиешілер: Шакарова А., Оспанова А. Машықкер: Мекешева А.  
Жазғы лагердің 4-күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Нептун күні" аталып өтілді.
08
маусым
2023
Жазғы лагердің 4-күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Нептун
Іс-шара мақсаты: балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Абай облысының құрылуына 1 жыл толуына орай "Болашаққа - Абай жолымен"  мәдени іс-шара өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілердің Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып, өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандырып, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Жазғы лагердің 3-күні. Балалар G-Cinema Park кинотеатрында  «Русалочка» отбасылық фантазиялық кинофильмін тамашалады.
07
маусым
2023
Жазғы лагердің 3-күні. Балалар G-Cinema Park кинотеатрында
«Русалочка» ертегісі мейірімділік пен жанқиярлықты үйретеді. Мақсаты: балаларды сергіту және бір-бірімен тығыз қарым-қатынасты нығайту. Ертегі арқылы балаларды өз мақсатынан бас тартпай, ойлағанын жүзеге асыруға үйрету. #balademalys2023 
Жазғы лагердің 2-күні. "Балдаурен” мектепалды жазғы сауықтыру лагерінде салауатты өмір салты күніне «Спорт-денсаулық кепілі» атты квест ойыны ұйымдастырылды.
06
маусым
2023
Жазғы лагердің 2-күні. "Балдаурен” мектепалды жазғы сауықтыру
Балалар картаның көмегімен бағыттарын анықтап, әр түрлі тапсырмалар орындап жарысты. Соңынан белсенділік танытып, жеңіске жеткен топтар марапатталды. Балалардың эмоционалды интеллектісін дамыту мақсатында гимназия психологі Жагипарова А. «Біз бақытты баламыз» психологиялық тренинг өткізді. #balademalys2023 
Жазғы лагердің ашылу салтанаты
05
маусым
2023
Жазғы лагердің ашылу салтанаты
Жаздың шуақты күндерімен бірге мектеп жанындағы "Балдәурен" лагері де өз жұмысын бастады. Мақсаты: "Балдәурен" лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен  тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт -