"Азаттық таңын аңсаған алаш арысы" танымдық сабақ » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » "Азаттық таңын аңсаған алаш арысы" танымдық сабақ
24
желтоқсан
2021

"Азаттық таңын аңсаған алаш арысы" танымдық сабақ


[media=https://youtu.be/buBZr4h8AoQ]

"Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт" республикалық жоба  аясында және  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 9 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Турганбаева Айнур және мектеп кітапханашыларының қатысуымен «Жақып Ақбаев - Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы» атты танымдық сабақ өткізілді.  Жақып Ақбаев - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер, қазақтың тұңғыш құқық магистрі.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен ұлт зиялысы Жақып Ақбаев. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекетіктің алғы шартын жасап кетті.
Бір сөзбен, Жақып Ақбаев – саяси күрес қазанында қайнап, нәтижесінде халқының ар-намысы боларлық дәрежеге көтеріле білген ұлт өкілі. Қазақ халқы барда, Тәуелсіз еліміз тура жолға түсіп, ұлттық ұлы мұраттарымыз алдыңғы қатарға шығып жатқан алмағайып кезеңде ұлтын, елін, жерін сүюдің, соған қалтқысыз қызмет етудің қапысыз үлгісі болып, мәңгі жасай береді!