Тәрбие » Страница 10 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
«Кітап оқимыз» челенджі
05
желтоқсан
2025
«Кітап оқимыз» челенджі
«Кітап оқимыз» челенджі сәтті өтті! Адал Азамат бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кітап оқу челенджі  өтті. Бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің сүйікті кітаптарынан әсерлі ойларымен, қызықты пікірлерімен бөлісті. ✨ Челендж нәтижесі: – Күн сайынғы 15 минуттық оқу әдетке айналды – Оқушылардың сөздік қоры артты – Кітапқа деген қызығушылық нығайды – Бір-бірін қолдау мен ынталандыру мәдениеті қалыптасты Бәріне белсенділік танытқандары үшін үлкен рақмет! Кітап оқу – тұлға дамуының
Кітап оқу челенджі
05
желтоқсан
2025
Кітап оқу челенджі
Кітап оқу челенджі өтті! Адал Азамат бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кітап оқу челенджі өз мәресіне жетті. Оқушылар белсенділік танытып, қызықты кітаптар оқып, өз ойларымен бөлісті. Бұл челендж балалардың оқу мәдениетін арттырып, сөздік қорын кеңейтуге үлкен үлес қосты. ​https://www.instagram.com/reel/DR4OKvHDIxB/?igsh=MTg0dDI3Z2VtdWd2bQ== ​​​
Халықаралық еріктілер күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы
04
желтоқсан
2025
Халықаралық еріктілер күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы
Халықаралық еріктілер күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы бойынша гимназияның Өзін-өзі басқару ұйымының “Қамқорлық” фракциясы мүшелері бірқатар ізгі істер атқарды. Олар мектебіміздің кіші қызметкерлеріне көмектесіп, мейірімділік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Мақсаты: Оқушылар арасында еріктілік мәдениетін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу, қоғамға пайдалы болу дағдыларын қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлық танытуға ынталандыру. Жетекші: Акимова
"16 күн зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында
04
желтоқсан
2025
"16 күн зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында
"16 күндік зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында 6,10  сынып оқушылары арасында  "Отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас.  Эмоциялық қысым мен зорлық- зомбылықтың бала психологиясына әсері. Алдын алу бойынша бірнеше жаттығулар жасалынды.
Суреттен мақалды тап
04
желтоқсан
2025
Суреттен мақалды тап
Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған «Суреттен мақалды тап» ойыны бүгін ерекше көңіл-күй сыйлады. 📚✨ Оқушылар да, ұстаздар да өз білімін сынап, ұлттық құндылыққа толы мақал-мәтелдердің сырын сурет арқылы тапқырлықпен ашты. Әрбір қатысушының көзіндегі қызығушылық, жылдам ойлау қабілеті мен бір-біріне деген қолдауы — осы шараның ең басты жетістігі болды. Ұлттық сөз өнерін ұлықтап, ой-өрісті дамытатын мұндай ойындар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Кітап оқу челленджі
04
желтоқсан
2025
Кітап оқу челленджі
Бүгін гимназия парламентінің ұйымдастыруымен «Кітап оқу челленджі» өтті.  Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар өз таңдауларындағы кітаптарды оқып, алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жаңа туындыларды ұсынды. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытып, сыни ойлауын дамытуға, қиялын тереңдетуге және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал
Минутқа оқу челленджі
04
желтоқсан
2025
Минутқа оқу челленджі
Бүгін гимназияның бастауыш сыныптарында «Минутқа оқу» ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – кішкентай оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, оқу дағдысын қалыптастыру және мәтінді түсініп оқуға баулу. «Минутқа Оқу» барысында оқушылар қысқа әңгімелер мен ертегілерден үзінділер оқып, бір-бірімен қызықты ойларымен бөлісті. Мұндай шағын әрі пайдалы сәттер балалардың зейінін дамытуға, сөздік қорын байытуға және оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.  Бұл іс-шара
"Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты
04
желтоқсан
2025
"Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты
Гимназиямызда "Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты өтті. Қоғамда тәртіп сақтау – әр адамның, соның ішінде әр оқушының маңызды міндеті. Тәртіп — өзара құрмет, жауапкершілік және дұрыс әрекет жасаудан басталады. Біз мектепте де, көшеде де ережелерді сақтасақ, барлығына қауіпсіз, жайлы және достық орта қалыптасады. Әркім өз ісіне ұқыпты болып,қоғамға пайда тигізсе – тәртіп те, татулық та нығаяды.
Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді
04
желтоқсан
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді
2025 жылдың 04 желтоқсанында гимназия оқушыларына  жастар арасында кеңінен таралып отырған нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың зиянды әсерін түсіндіру, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде "дропперлікке" қарсы күрес, буллинг пен кибербуллингтың алдын алу, жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жауапкершілікті мінез-құлықты  қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер көрсетілді.
КІТАП ОҚУ ЧЕЛЕНДЖІ !
03
желтоқсан
2025
КІТАП ОҚУ ЧЕЛЕНДЖІ !
АДАЛ АЗАМАТ: КІТАП ОҚУ ЧЕЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ! Құрметті оқушылар және ұстаздар! "Адал Азамат" бағдарламасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісті кеңейту, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында кітап оқу челенджін бастаймыз! 🌟 📖 Челендж шарты өте қарапайым: 1. Өз қызығушылығыңыз бойынша кез келген кітапты таңдаңыз. 2. Күн сайын кем дегенде 20 минут кітап оқыңыз. 3. Аптаның соңында оқыған кітабыңыздан ұнаған оймен, үзіндімен немесе әсеріңізбен бөлісіңіз