Тәрбие » Страница 4 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты
04
желтоқсан
2025
"Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты
Гимназиямызда "Қоғамдық мүлікті қорға" атты тәрбие сағаты өтті. Қоғамда тәртіп сақтау – әр адамның, соның ішінде әр оқушының маңызды міндеті. Тәртіп — өзара құрмет, жауапкершілік және дұрыс әрекет жасаудан басталады. Біз мектепте де, көшеде де ережелерді сақтасақ, барлығына қауіпсіз, жайлы және достық орта қалыптасады. Әркім өз ісіне ұқыпты болып,қоғамға пайда тигізсе – тәртіп те, татулық та нығаяды.
Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді
04
желтоқсан
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді
2025 жылдың 04 желтоқсанында гимназия оқушыларына  жастар арасында кеңінен таралып отырған нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың зиянды әсерін түсіндіру, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде "дропперлікке" қарсы күрес, буллинг пен кибербуллингтың алдын алу, жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жауапкершілікті мінез-құлықты  қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер көрсетілді.
КІТАП ОҚУ ЧЕЛЕНДЖІ !
03
желтоқсан
2025
КІТАП ОҚУ ЧЕЛЕНДЖІ !
АДАЛ АЗАМАТ: КІТАП ОҚУ ЧЕЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ! Құрметті оқушылар және ұстаздар! "Адал Азамат" бағдарламасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісті кеңейту, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында кітап оқу челенджін бастаймыз! 🌟 📖 Челендж шарты өте қарапайым: 1. Өз қызығушылығыңыз бойынша кез келген кітапты таңдаңыз. 2. Күн сайын кем дегенде 20 минут кітап оқыңыз. 3. Аптаның соңында оқыған кітабыңыздан ұнаған оймен, үзіндімен немесе әсеріңізбен бөлісіңіз
"Кім жылдам?" ойыны 2 ауысым
03
желтоқсан
2025
"Кім жылдам?" ойыны 2 ауысым
Өзін-өзі басқару ұйымы «Мақал-мәтелдер аптасының» кезекті күнін зерделілік пен тіл шеберлігін тоғыстырған «Кім жылдам?» ойынымен жалғастырды. Оқушылардың әр сөзі – ата-бабадан жеткен өсиет, әр қадамы – ұлттық құндылыққа деген құрмет. Мәре сызығын бірінші болып кескен оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды. Бұл – тек жеңіс емес, сөз құдіретін бағалай білудің белгісі. Мақал-мәтел – ұлт жүрегінің үні. Бүгінгі күн – сол үннің жас буын жүрегінен қайта жаңғырып, жалғасқан жарқын көрінісі болды.
"Кім жылдам?" ойыны 1 ауысым
03
желтоқсан
2025
"Кім жылдам?" ойыны 1 ауысым
Бүгінгі күн мектебімізде ұлттық сөз маржанын ұлықтаған ерекше рухани сәтпен өрнектелді. Өзін-өзі басқару ұйымы «Мақал-мәтелдер аптасының» кезекті күнін зерделілік пен тіл шеберлігін тоғыстырған «Кім жылдам?» ойынымен жалғастырды. Жарыс шарты қарапайым болғанымен, мәні терең: кім мақал-мәтелді шапшаң әрі дұрыс айтып, мәреге бірінші болып жетсе – сол жеңімпаз. Тек жылдамдық емес, ойлы тіл, ұтқыр жауап, халық даналығын бойға сіңірген білім сынға
«Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір мәніне бағыттайтын ерекше кездесу өткізді
03
желтоқсан
2025
«Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір
«Сенде бір кірпіш дүниеге…» Бүгін «Даналық мектебі» жобасының аясында «Ағалар мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арнап тағылымы терең, өмір мәніне бағыттайтын ерекше кездесу өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты — ер балалардың жүрегіне жігер отын жағу, олардың болашаққа деген көзқарасын айқындап, өз орнын табуға жетелеу. Кездесу барысында ағалар өмірдің мәнін, кәсіби таңдаудың маңызын, азаматтық ұстаным мен адамдық қадірді түсіндірді.Кездесу барысында ағалар өмірдің мәнін, кәсіби таңдаудың маңызын,
"Оқушылар - мектептің жүрегі"
02
желтоқсан
2025
"Оқушылар - мектептің жүрегі"
Оқушылар – мектептің жүрегі. Бүгін осы ойды терең жеткізу үшін арнайы челлендж-видео түсірілді. Әр кадрда – мектепке жан бітіретін, білім ордасын шаттыққа толтыратын балалардың күмісті күлкісі, таза жүрегі, тың идеялары. Оқушы – біздің ең үлкен құндылығымыз, ең басты себебіміз, біздің болашағымыз. Олардың әр қадамы, әр жетістігі – мектебіміздің абыройы мен мақтанышы. Бұл челлендж – дәл сол шындықтың көрінісі.​https://www.instagram.com/reel/DRyaXMUDIVM/?igsh=dWV2ZndqYzlnczd4​​​
Лездеме
02
желтоқсан
2025
Лездеме
Парламент мүшелері бүгін оқушыларға қысқаша лездеме өткізіп, Мақал-мәтелдер аптасы бойынша жоспарымен таныстырды. Апта бойы халық даналығын дәріптейтін ойындар, челлендждер мен танымдық шаралар өтетіні айтылды. Қазақтың қайнар сөзін қадірлеуге, ой түюге, тіл байлығын арттыруға бағытталған бұл апталық – оқушыларға рухани азық, тәрбиелік мәні зор бастама болды.
"Ашық микрофон"
02
желтоқсан
2025
"Ашық микрофон"
Өзін-өзі басқару ұйымы жоспарға сәйкес «Ашық микрофон: Мақалды жалғастыр» челенджін өткізді. Ұлттық тәрбиенің өзегі – дана сөз, терең мағына. Бүгінгі түсірілімде оқушылар қазақтың асыл қазынасы саналатын мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, тапқырлығын көрсетті. Әрбір оқушының жауабы – бір-бір әлем. Әрбір мақалдың жалғасуы – ғасырдан жеткен даналықтың бүгінгі ұрпақ бойында қайта жаңғыруы.​https://www.instagram.com/reel/DRxf-FigFc5/?igsh=MW5qMzBudGdyemV1aw==​​​