Мектепке құжат қабылдау үйде оқыту ҚР 2015.11.08.№638 » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » » Мектепке құжат қабылдау үйде оқыту ҚР 2015.11.08.№638
19
қараша
2018

Мектепке құжат қабылдау үйде оқыту ҚР 2015.11.08.№638

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  

2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен  бекітілген

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
 беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды
 қабылдау және оқуға қабылдау» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


      1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

  1. көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің көрсетілетін 

қызметті алушының нақты тұрғылықты мекенжайы көрсетілген өтініші (еркін нысанда);

     2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
      3) денсаулығы туралы № 086 нысанындағы 
анықтама (медициналық паспорт);
      4) 3х4 см өлшеміндегі фотосурет – 2 дана;

5) педагогикалық - медициналық - психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса).

      Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
    1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
    2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

   3) босқын – босқын куәлігі;

   4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;

   5) оралман – оралман куәлігі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшағасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

  1. тапсырылған құжаттардың тізбесі;
  2. құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Порталға жүгінген кезде:

  1. көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты мекенжайы көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының бірінің (қорғаншы немесе қамқоршы) электрондық құжат нысанындағы сұранысы; 
  2. көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі;

   3) егер бала 2008 жылға дейін туылса, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (қорғаншысы/қамқоршысы өтініш берген жағдайда);
    4) денсаулығы туралы № 086 нысанындағы анықтаманың электрондық көшірмесі (медициналық паспорт);

  5) көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті;
     6) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия (бар болса) қорытындысының электрондық көшірмесі.

    Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат деректері туралы мәліметтерді, егер бала 2008 жылға дейін туылса, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесін, баланың туу туралы акті жазбасының деректерін, некеге тұру туралы акті жазбаларының деректерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесі жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ЭЦҚ-мен расталған электрондық деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. 

      Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің  

2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен   бекітілген

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына
 денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


       1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш (еркін нысанда);

     2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

     3) ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.