Таза Қазақстан – жарқын болашақ үшін!
Бүгін біздің ұжым «Таза Қазақстан, таза аула» акциясы аясында сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қостық. 🌎💚 Мектеп ауласын тазалап, ағаш отырғызып, табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте сезіндік. Осындай игі шаралар – бірлікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тамаша үлгісі. 🌱✨ Бірге еңбек еткен әріптестерімізге үлкен алғыс! Таза орта – өз қолымызда!