"Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды" » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » "Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды"
12
ақпан
2026

"Бір кітап - бір жүрекке жылу сыйлайды"

Кітап сыйлау күні – жүректен жүрекке жол
Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі, ой мен сезімді тәрбиелейтін асыл қазына. Осы құндылықты ұлықтау мақсатында гимназиямызда Кітап сыйлау күніне орай ұстаздар арасында мазмұнды да мағыналы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында «Авторға хат» шарасы жүзеге асырылып, ұстаздар сүйікті шығармаларының авторларына жүрекжарды ойларын, алғысы мен әсерін хат арқылы жеткізді. Бұл – кітап пен оқырман арасындағы рухани байланысты тереңдеткен әсерлі сәттерге толы болды.
Сонымен қатар, кітапханаға кітап сыйлау шарасы өткізіліп, ұстаздар өздерінің құнды кітаптарын гимназия кітапханасына тарту етті. Әрбір сыйға берілген кітап – келер ұрпаққа қалдырылған рухани мұра, білім мен ізгіліктің белгісі.
Осы игі бастамалардың жалғасы ретінде «Бір кітап – бір жүрекке жылу сыйлайды» атты шара бастауыш сынып әдістемелік бірлестігіне жолданды. Бұл бастама кітаптың тек білім көзі ғана емес, мейірім мен жылу тарататын рухани күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кітап оқиық, кітап сыйлайық, жүректерге жылу сыйлайық!​https://www.instagram.com/reel/DUqZBCvDC1w/?igsh=eWc5N3Bmb3Z5eDh6​​​