Жасанды интеллект және цифрлық сабақтастық » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Жасанды интеллект және цифрлық сабақтастық
20
ақпан
2026

Жасанды интеллект және цифрлық сабақтастық

Бүгін гимназиямызда «Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы цифрлық сабақтастық: білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Аталған іс-шара мектеп пен университет арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды. Семинар ұйымдастырушысы — Alikhan Bokeikhan University. Университеттің аға оқытушылары білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу мәселелері бойынша мазмұнды шеберлік сағаттарын өткізді.
Семинар барысында қатысушылар заманауи цифрлық құралдармен танысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы білім беру сабақтастығын дамыту бағытында өзара тәжірибе алмасты.
Осындай ғылыми-әдістемелік іс-шаралар білім беру сапасын арттыруға және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.​https://www.instagram.com/reel/DU-VOhWjKTm/?igsh=MTR4eXU0cmkwc2Rrcw==​​​