Білім ордасындағы тағылымды кездесу » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Білім ордасындағы тағылымды кездесу
25
ақпан
2026

Білім ордасындағы тағылымды кездесу

Тастекеев Қайрат Құлбайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Абай облысынан депутаты гимназиямызға арнайы іссапармен келді 🤝

Кездесу барысында құрметті мейман ұстаздарымызбен жүздесіп, алда келе жатқан 15 наурыздағы референдумның маңызы мен мәні туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді 📚🗳️ Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап беріп, пікір алмасу алаңы ашық форматта өтті 💬

Сондай-ақ, кездесу аясында бірқатар ұстаздарымызға Amanat партиясының партиялық билеттері салтанатты түрде табысталды 🎉 Бұл — ел дамуына белсенді үлес қосуға деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі 🇰🇿

Сонымен қатар, депутат гимназиямыздың тарихымен танысып, мектеп музейін аралап көрді 🏫 Білім ордамыздың жетістіктері мен рухани мұрасын жоғары бағалап, ұжымға алғысын білдірді 🙏

Осындай мазмұнды кездесулер — ел болашағы үшін маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етуге үлкен мүмкіндік береді ✨