Кәсіптік бағдар беру » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
05
наурыз
2026

Кәсіптік бағдар беру

Гимназиямызға 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Электротехникалық колледжінің өкілдері келіп, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді. Шара барысында колледж мамандары өз оқу орындары туралы ақпарат беріп, техникалық мамандықтардың болашағы мен мүмкіндіктері жайында айтып өтті.

Кездесудің ең қызықты бөлігі – студенттердің өз қолдарымен жасаған роботтары мен дрондарының таныстырылымы болды. Оқушылар заманауи технологияның қалай жұмыс істейтінін көріп қана қоймай, роботтардың қызметімен танысып, дрондардың мүмкіндіктерін тамашалады.

Бұл шара оқушылардың техника мен инженерия саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда пайдалы ақпарат алуға үлкен мүмкіндік берді.
Кәсіби бағдар беруші:Акимова А.М.​https://www.instagram.com/reel/DVf_BQvjBB9/?igsh=cm1rcmxkZjM1c2t5​​​