17
наурыз
2026
Қайырымдылық күніне арналған игі шара ұйымдастырылды
Наурызнама онкүндігінің аясында гимназиямызда Қайырымдылық күніне арналған игі шара ұйымдастырылды. Бұл күн – мейірім мен жанашырлықтың, адамгершілік пен бірліктің көрініс табатын ерекше сәті. 3 В сынып жетекшісі Арайлым Муратқызы ата-аналарымен ұйымдасып, айналасына жылулық сыйлап, жақсылық жасау арқылы Наурыз мейрамының шынайы құндылықтарын дәріптеді.
Мақсаты:
Жас ұрпақтың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдағы өзара көмек пен бірлікті нығайту.
Міндеттері:
* Қайырымдылық мәдениетін насихаттау;
* Қоғамға пайдалы іс жасау арқылы оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
* Қиын жағдайдағы жандарға қолдау көрсетіп, мейірім мен ізгілікті дәріптеу;
* Ұжымдық бірлік пен адамгершілік құндылықтарды дамыту.
Бұл шара барысында гимназия ұжымы игі іске атсалысып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. Осындай ізгі бастамалар арқылы біз жүректерге жылулық ұялатамыз. Себебі қайырымдылық-адамдықтың ең асыл белгісі.
Жақсылық жасаудан шаршамайық!https://instagram.com/p/DV9GpRdAPRA/