«Үш анық» зияткерлік ойыны » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
28
наурыз
2026

«Үш анық» зияткерлік ойыны

 «Үш анық» зияткерлік ойыны

Абай облысы мұғалімдері арасында өткен «Үш анық» зияткерлік ойынына біздің «Алаш» командасы қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп,арнайы сертификатпен марапатталды.

Команда мүшелері ойын барысында тапқырлық пен жылдамдық танытып, күрделі сұрақтарға нақты жауап беріп, өздерінің кәсіби біліктілігі мен жан-жақтылығын дәлелдеді. Әр кезеңде ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды 👏

Осындай зияткерлік сайыстар ұстаздардың дамуына, тәжірибе алмасуына және жаңа белестерді бағындыруына үлкен мүмкіндік береді.

Құрметті «Алаш» командасы, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биіктерден көрініп, тек жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!​https://www.instagram.com/reel/DWcILeNAK-F/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​