Профессор А.О. Токсамбаевадан тағылымды дәріс » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Профессор А.О. Токсамбаевадан тағылымды дәріс
09
сәуір
2026

Профессор А.О. Токсамбаевадан тағылымды дәріс

«Адамның адамдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген қағиданы ұстанған Шәкәрім бабамыздың мұрасы бүгін мектеп қабырғасында ұлықталды. 
«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Айман Омарқанқызы Токсамбаева 9-сынып оқушыларына арнап ерекше дәріс өткізді.
 Дәріс тақырыбы: “Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм” 
Айман Омарқанқызы Шәкәрім қажының «Ар білімі» концепциясын қазіргі цифрлық интеграция мен этнотуризм контекстінде қарастырып, оқушыларға терең мағлұмат берді.
Рухани сабақтастық тізбегі:
Бұл жай ғана сөздер емес, бұл — тұлғалық өсудің сатылары:
Өлмейтін адам мен Бақытты адам: Шынайы бақыт — артыңда өлмейтін із, өшпейтін мұра қалдыру.
Парасатты адам мен Кісілік кемелдену: Ақыл мен білімді парасат таразысына салып, кісілік келбетті сақтау.
Кемел адам мен Толық адам: Абай мен Шәкәрім армандаған, жан мен тән үйлесімін тапқан жоғарғы саты.
Білімді адам мен Арлы адам: Ең бастысы — білімді болу ғана емес, сол білімді Ар білімімен ұштастыру.
Бүгінгі 9-сынып оқушылары — ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. Олар үшін Шәкәрімнің «Адамдық кодексі» мен осы алтын тізбек — өмірлік бағдар. Профессор атап өткендей, цифрлық технологиялар қанша жерден дамыса да, «Ар білімінсіз» адамзаттың алға басуы мүмкін емес.
Дәріс соңында оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, зияткерлік пікірталас орнады.​https://www.instagram.com/reel/DW6S-e6jFgv/?igsh=angxazJkZ24yeHBr​​​