Ақпарат » Страница 16 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
Жас мамандардың «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасының жеңімпазы
11
ақпан
2026
Жас мамандардың «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты
Жас мамандардың «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде Тастемірова Айшабибі Бауыржанқызы тәлімгерлерге арналған сайыстан І ОРЫН иеленді! 🥇 Бұл жеңіс – кәсіби шеберліктің, ізденістің, шәкіртке деген жанашырлық пен үлкен жауапкершіліктің нәтижесі. Жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, дарынды балалардың қабілетін ашуда аянбай еңбек етіп жүрген ұстазымыздың жетістігі – баршамыз үшін зор мақтаныш. Айшабибі Бауыржанқызын жарқын жеңісімен шын
“Silk Way - 2026” атты халықаралық спорттық би турнирының жеңімпазы
10
ақпан
2026
“Silk Way - 2026” атты халықаралық спорттық би турнирының жеңімпазы
3 “В” сынып оқушысы Бекенова Айару Астана қаласында өткен “Silk Way - 2026” атты халықаралық спорттық би турнирында 1-орын және 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық  “Ой-сандық” оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауының жеңімпазы
10
ақпан
2026
Облыстық “Ой-сандық” оқу және математикалық сауаттылықтан
Бүгін қаламызда облыстық  “Ой-сандық” оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауы өтті. Байқауда облыс көлемі бойынша 14 команда, 140 мұғалім сайысқа түсті. Білім додасы өте тартысты өтті. Абай облысы білім басқармасы мен “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі” ЖШС ұйымдастырған сайысқа гимназиямыздан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Т.Сулейменова қатысып, жұптық сайыста жүлделі 3-орынды иеленсе, командалық сайыста Бас жүлдені қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы
10
ақпан
2026
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 5 "Б" сынып  оқушылары жетекшісі Шакарова Арайлым Сержановна және мектеп кітапханашыларының жетекшілігімен Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына танымдық экскурсия жасады.          Биыл Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейдің ашылғанына 55 жыл толып отыр. Мұражай құрылған күннен бастап ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығын, оның Семей қаласымен тығыз
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
10
ақпан
2026
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
Гимназиямызда "лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тақырыптарында маңызды тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) зияны, оның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіптер, кибербуллинг, жалған ақпарат, алаяқтық, жеке деректерді қорғау жолдары туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалану, өз уақытын дұрыс жоспарлау,
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
10
ақпан
2026
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Ауа райының қолайсыздығына және көктайғақтың күшеюіне байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды қажетсіз жағдайда далаға шығармауларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше балалардың сыртқа шығуын шектеуді, жолда абай болуын және қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалауыңызды өтінеміз. Балалардың өмірі мен денсаулығы – баршамыз үшін маңызды. Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Гимназия әкімшілігі
Мұқағали Мақатаевқа — 95 жыл
09
ақпан
2026
Мұқағали Мақатаевқа — 95 жыл
Қазақ поэзиясының заңғар ақыны, мұзбалақ жырдың иесі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оқушылар арасында ақынның өмірі мен шығармашылығын еске түсіру мақсатында тағылымды шара өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, жүрекке жетер өлеңдерін мәнерлеп оқыды, поэзия әлеміне терең бойлап, Мұқағали жырларының құдіретін сезінді. Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі​https://www.instagram.com/reel/DUivcaZjCTq/?igsh=dGExeTlhNnJ3Ymxk​​​
«Кітапты не үшін оқу керек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
09
ақпан
2026
«Кітапты не үшін оқу керек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы онкүндігі аясында «Кітапты не үшін оқу керек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.         Кітап оқудың пайдасын  мектеп кітапханашысы Д Сакаева, ең алдымен, ол адамға қоршаған ортаны, әлемді, жаңа салаларды және өздерін тануға көмектесетінін,  сонымен қатар, ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілетінің жақсаруына көмектеседі. Көп кітап оқыған адамның аналитикалық ойлау қабілеті мықты болады және жылдап ойлай алатынын айта келе,оқушыларды кітап оқуға, қандай кітап
“Ұстаз Quiz” интеллектуалды ойыны өтті
09
ақпан
2026
“Ұстаз Quiz” интеллектуалды ойыны өтті
Бүгін гимназиямызда қазақ тілі апталығы аясында мұғалімдер арасында “Ұстаз Quiz” интеллектуалды ойыны өтті. Ойын өте қызықты болды. Мектеп ұстаздарынан 4  команда жасақталып, ойынның тартысты өтуіне атсалысты.​https://www.instagram.com/reel/DUipvpCjExW/?igsh=cjdrd2djaDVhNm5w ​​​