Тәрбие » Страница 10 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
«ҰБТ. Қорытынды аттестация: тиімді дайындық стратегиясы»
15
қаңтар
2026
«ҰБТ. Қорытынды аттестация: тиімді дайындық стратегиясы»
11 – сынып ата-аналар жиналысы «ҰБТ. Қорытынды аттестация: тиімді дайындық стратегиясы» 11-сынып – бала болашағы айқындалатын шешуші кезең. Бұл уақытта оқушыға тек білім емес, ата-ананың қолдауы аса маңызды. 🔹 Жоғары жауапкершілік пен психологиялық қысым 🔹 Жүйелі дайындық пен уақытты дұрыс жоспарлау 🔹 Мұғалім–оқушы–ата-ана бірлігі Баланың режимін қадағалау, сенім білдіру, мотивация беру – табысты нәтиженің негізі. Бірлескен қолдау – жоғары жетістікке бастайды!
Мектеп тірегі - ұстаз
15
қаңтар
2026
Мектеп тірегі - ұстаз
Мектептің ең басты құндылығы – ұстаз. Ұрпақ тәрбиелеу жолында талмай еңбек етіп, әрбір оқушының білім алуына, дамуына және болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік жасап жүрген құрметті ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Оқушылардың игілігі үшін атқарған еңбектеріңіз – біздің мектептің тірегі. Қамқорлық фракциясы атынан шынайы ризашылық білдіреміз. ​https://www.instagram.com/reel/DThu8sXjBLm/?igsh=YWl4enh0d3p5eTZi ​​​
«Заңның 30 секунды»
15
қаңтар
2026
«Заңның 30 секунды»
«Заңның 30 секунды» – өз құқығыңды білу маңызды. Бар болғаны 30 секундта өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайларды түсінесің: жауапкершілік, міндет, құқық. Қысқа видео – нақты ақпарат – пайдалы кеңес. Заңды білсең, өзіңді қорғай аласың. 9 "А" сыныбы Сынып жетекшісі: Есімбекова Ж.С.​https://www.instagram.com/reel/DThczIzDJhe/?igsh=NTB2ZmM3MTZjOGlw​​​
Қыста оқы, ойлан, арманда.
15
қаңтар
2026
Қыста оқы, ойлан, арманда.
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында қысқы демалыс кезінде 5 «В» сынып оқушылары оқыған кітаптарының мазмұны бойынша өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Әр суретте кейіпкерлер бейнесі, қызықты оқиғалар мен оқушылардың шығармашылық ойы көрініс тапты. Бұл жұмыс балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ойлау және елестету қабілетін дамытуға бағытталды.  ​https://www.instagram.com/reel/DThb80WDBqi/?igsh=YWppY2ZkdjFxZnho​​​
"Заң және тәртіп"
15
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп"
«Заң және тәртіп» айлығы аясында 8-сынып оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Өз құқықтарыңды біл» тақырыбында плакаттар дайындау жұмыстары ұйымдастырылды.Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттерін ажырата білуіне, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсінуіне ықпал етті. Дайындалған плакаттар мектеп дәлізінде көрмеге қойылып, оқушылар мен ұстаздардың назарына
"Заң және тәртіп" айы аясында дебат фракциясымен сот отырысы өтті.
15
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп" айы аясында дебат фракциясымен сот отырысы өтті.
"Заң және тәртіп" айы аясында дебат фракциясымен сот отырысы өтті. Дебат фракциясының ұйымдастыруымен оқушылар арасында танымдық сот отырысы өтті. Бұл шараның мақсаты — қатысушыларға заң, әділдік және жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру, сыни ойлау мен өз көзқарасын дәлелдеп жеткізу дағдыларын дамыту. Сот отырысына әртүрлі рөлдер бөлінді: 👨‍⚖️ сот, 🧑‍⚖️ прокурор, 🧑‍⚖️ қорғаушы, 👥 куәгерлер. Әр қатысушы өз рөлін жауапкершілікпен атқарып, нақты дәлелдер мен уәждер келтірді. Іс барысында пікірталас
"Заң және тәртіп"
15
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп"
«Заң және тәртіп» айлығы аясында 9-10 сыныптарарасында  құқықтық сауаттылықты арттыру,заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 2026 жылдың 13 қаңтарында Абай облысы ПД Семей қаласыӘуезов ПБ ҚҚБ инспекторы полиция лейтенанты Б.Е.Ергараева «Менің құқықтарым-меніңжауапкершілігім»,  «Адал Азамат», «Құқық бұзушылықтың алдын алу»,«Буллинг және кибербуллинг» тақырыбы бойынша дәріс жүргізді.
“Заңның 30 секунды”
15
қаңтар
2026
“Заңның 30 секунды”
5 «В» сынып оқушылары «Заңның 30 секунды» атты қысқаша бейнеролик дайындады. Аталған бейнероликте оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қоғамдағы мінез-құлық нормаларын меңгергендерін көрсетті. Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Сынып жетекшісі: Акимова А.М.
Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ерлік – елге мұра» атты танымдық сабақ өтті.
15
қаңтар
2026
Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 6"А" сынып  оқушылары жетекшісі Абдуллина Асель Калибековна және  мектеп кітапханашыларының қатысуымен  Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ерлік – елге мұра» атты танымдық сабағы өтті. Мақсаты:     Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік істерін қастерлеп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге тұту;     Нақыл сөздерінің
Жаңадан келген оқушылармен тренинг
15
қаңтар
2026
Жаңадан келген оқушылармен тренинг
Жаңа оқушыларға арналған бұл видеода дебат клубының таныстыру тренингі мен сұхбат барысы көрсетіледі. Тренинг барысында оқушылар дебаттың негізгі ережелерімен, форматымен және спикерлік дағдыларымен танысты. Сыни ойлау, өз ойын нақты әрі дәлелді жеткізу, командамен жұмыс жасау сияқты маңызды қабілеттерге ерекше көңіл бөлінді. Сұхбат кезінде жаңа мүшелер дебатқа деген қызығушылықтары, өз мақсаттары мен күтілімдері туралы ойларымен бөлісті. Бұл видео — дебат әлеміне жасалған алғашқы қадам, жаңа