Тәрбие » Страница 18 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
“Сіз кім үшін жұмыс жасайсыз?” – жүректі жылытқан челендж
27
қараша
2025
“Сіз кім үшін жұмыс жасайсыз?” – жүректі жылытқан челендж
“Сіз кім үшін жұмыс жасайсыз?” – жүректі жылытқан челендж 💛 Бүгін гимназия Парламенті ерекше мағынасы терең, жүрекке жылы тиетін челендж ұйымдастырды. Ұстаздарымыз бұл сұраққа өте шынайы жауап берді. Олар: “Мен кім үшін жұмыс жасаймын?” дегенде телефондарына қарап, экраннан балаларын көрсетті. 📱 Сол сәтте олардың көзіндегі жылы сәуле, балаларына деген махаббат, еңбек етудің басты себебі – бәрі анық байқалды. Бұл челендж бізге бір маңызды нәрсені тағы бір еске салды: Әр жетістік пен әрбір
Облыстық «Алақай» жас әншілер байқауы
26
қараша
2025
Облыстық «Алақай» жас әншілер байқауы
Облыстық «Алақай» жас әншілер байқауында гимназиямыздың өнерлі оқушылары өз таланттарын көрсетті. Байқауға қатысқан 4 "В" сынып оқушысы Маутқанова Инабат жоғары өнерімен ерекшеленіп, Бас жүлдені жеңіп алды. Ал Жеңіс Аяла жарқын өнер көрсеткені үшін арнайы марапатқа ие болды.   Оқушылардың дайындығына жетекшілік еткен — музыка пәні мұғалімі Махметова Мадина Құралқызы.   Жас өнерпаздарымызға жарқын болашақ пен шығармашылық табыс тілейміз!
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде   ♻️«Энергияны үнемдеу-экологияны қорғау” тақырыбында тәрбие сағаты өтті
25
қараша
2025
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде ♻️«Энергияны
️“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде   ♻️«Энергияны үнемдеу-экологияны қорғау” тақырыбы негізінде тәрбие сағаты өткізілді. ✨Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға энергияны тиімді пайдалану қажеттілігін түсіндіру, үнемдеудің қарапайым тәсілдерін үйрету және табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін»
21
қараша
2025
«Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін»
«Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» Бүгін гимназиямызда 8-сынып оқушылары аталған тақырыпта мазмұндама жазды. Бұл жұмыс «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде өтіп, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және қоғамдағы қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру мақсатын көздеді. Оқушылар өз жазбаларында: — тәртіп пен заңды сақтау – әр азаматтың борышы екенін; — полиция қызметкерлерінің қоғам тыныштығын қорғаудағы рөлін; — балалар мен
«ДосболLike” бағдарламасы негізінде  8”Ә” сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді.
18
қараша
2025
«ДосболLike” бағдарламасы негізінде 8”Ә” сынып оқушыларына тәрбие
«ДосболLike” бағдарламасы негізінде  8”Ә” сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. ✨Тәрбие сағаты - сыныптағы достық пен ынтымақтастық атмосферасын нығайтуға, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға бағытталады. Сынып жетекшісі: Тайшигирова Акерке Нурлыбековна
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және “Балалар кітапханасы” жобасы аясында
17
қараша
2025
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және “Балалар кітапханасы”
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және “Балалар кітапханасы” жобасы аясында Абайтану курсына қатысушы 7 сынып оқушыларының “Ұлттық құндылықтар” айлығы негізінде өткізілген іс-шарасы. Жетекші: Рақымбек Торғын Қуатқызы ​https://www.instagram.com/reel/DRJPGlojDNr/?igsh=NW83c2Jzd2tqOXB4​​​
8-сынып оқушылары арасында волейболдан  жарыс өтті.
15
қараша
2025
8-сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті.
Гимназиямызда "Даналық мектебі" аясында "Ағалар мектебі" клубы мен гимназия парламенті Спорт фракциясының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында волейболдан тартысты жарыс өтті. Жарыс барысында оқушылар өз шеберлігін, ептілігін, командалық рухын жоғары деңгейде көрсете білді. Әр сынып соңғы ұпайға дейін намыспен ойнап, көрермендерге керемет эмоция сыйлады. Жарыс нәтижесі: Қыздар арасында: 🥇 1-орын – 8 "Ә" Ұлдар арасында: 🥇 1-орын – 8 "Б" 🥈 2-орын – 8 "Ә" Үздік ойыншылар: * Қайрат Нұрасыл –
ЕЛІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН ДЕГЕН ЖАС - ертеңгі ел тірегі !
15
қараша
2025
ЕЛІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН ДЕГЕН ЖАС - ертеңгі ел тірегі !
«Жас патриот» форумына біздің Жас сарбаз сыныбымыз да белсене қатысып, өздерінің тәртібімен, ұйымшылдығымен және отансүйгіш болмысымен көпшілікке үлгі болды. Форум барысында жас сарбаздар еліміздің тарихына деген құрмет пен елжандылықтың жарқын көрінісін көрсетті. Бұл шара жас буынға рух беріп, парыз бен жауапкершіліктің маңызын терең түсінуге бағытталған игі бастама болды. Еліне қызмет етемін деген жас – ертеңгі ел тірегі.
"Жас патриот" атты форумы
15
қараша
2025
"Жас патриот" атты форумы
Бүгін қаламызда өткен «Жас патриот» форумында «Жеті дара» командасы ерекше өнер көрсетті. Оқушыларымыз сахна төрінде батыр қыздарымыз — Әлия, Мәншүк, Баян, Хиуаздың ерлік бейнесін шынайы сомдап, жүректерге рух берді. Бұл қойылым тек батырлық тарихын еске түсіріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа Отанды сүюдің, төзімділік пен қайсарлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Осындай рухани шаралар әр жастың бойына жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, патриоттық тәрбиеге тың серпін
Ұлттық киім күні!
15
қараша
2025
Ұлттық киім күні!
Ұлттық киім — халқымыздың тарихы мен тұлғасын танытатын қазына. Бүгінгі Ұлттық киім күнін Мектеп Парламенті ұйымдастырып, оқушыларымыздың ұлттық болмысын жарқырата көрсетті.​https://www.instagram.com/reel/DRCZKjADNJH/?igsh=MTZidjZ6d2FlOXU0OA== ​​​