"Жыр – менің жалғыз тарланым" тақырыбында поэзия падишасы ˗ ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » "Жыр – менің жалғыз тарланым" тақырыбында поэзия падишасы ˗ ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.
26
қаңтар
2019

"Жыр – менің жалғыз тарланым" тақырыбында поэзия падишасы ˗ ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиядағы Тілдер орталығында қаңтар айының 23-і күні "Жыр – менің жалғыз тарланым" тақырыбында поэзия падишасы ˗ ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.
         Кеш поэзия сүйер оқушылардың қазақтың ақын қызы, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың маржан поэзиясымен тілдесулеріне, ақынның поэзияға, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілігін танып, өмірімен, ақындық қырларымен танысып, рухани байлықтарын толықтыруларын мақсат етті. 
         Киелі поэзия әлемінде өзіндік үні, өзіндік сыры, өзіндік бояуы мен ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырымен тербеген, есімі халыққа кең танымал дарынды қазақ қызының өлеңдерін нақышына келтіре оқыған оқушылар өздері үшін ipілігі мен парасаттылығы, поэзиядағы орны, өлеңдерінің құндылығы уақыт өткен сайын айкындала түсетін ақынның поэзия әлемінің көптеген парақтарын ашты. Поэзия падишасына арнаған оқушылардың өз туындылары оқылды. 
         Кеш мазмұнды өтті.