Бала..ата-ана..ұстаз... » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
06
наурыз
2019

Бала..ата-ана..ұстаз...

Бала..ата-ана..ұстаз... Осы үштік одақ бір-бірмен тығыз байланыста болса ,тәрбиенің алмайтын қамалы жоқ.Баланың бақытты болуы –ата-ананың бақытты болуына байланысты. Ата-анасының бақытты сәтін көріп өскен бала өзін қауіпсіз, қамқорлықта, бақытты сезінеді. Отбасылық дұрыс тәрбие жағдайы- ең алдымен отбасылық атмосфера.Отбасы мүшелерінің тәрбие деңгейі, бір-бірін құрметтеуі,еңбекке,демалысқа деген дұрыс көзқарастары,сөзбен ғана емес іспен балаға үлгі көрсету болып табылады. «Жас бала –жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді халқымыз. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, әдепті болуын армандайды.
2 «б» сыныбының ұстазы Нұргүл Құлжағазықызының және «Әкелер кеңесінің» ұйымдастыруымен сынып оқушылары мен ата-аналары көктемнің алғашқы күндерінде қысқы табиғаттың соңғы көріністерін тамашалап ,таза ауада асыр сап ойнап, ән айтып, би билеп, әртүрлі сайыстарға қатысып, ,сырғанап тамаша демалыс өткізді.«Ата-ана –ұстаз-шәкірт » ынтымақтастық педагогикасы негізіндегітәрбиелік шаралардың ұрпақ тәрбиесінде ролі зор.