Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Әлемге танылған тұлға» тақырыбында Кітап мерекесін өткізу туралы ЕРЕЖЕ » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Әлемге танылған тұлға» тақырыбында Кітап мерекесін өткізу туралы ЕРЕЖЕ
27
қаңтар
2020

Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Әлемге танылған тұлға» тақырыбында Кітап мерекесін өткізу туралы ЕРЕЖЕ


Халықаралық балалар кітап күні мен 

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай

«Әлемге танылған тұлға» тақырыбында

Кітап мерекесін өткізу туралы

                                                                         ЕРЕЖЕ


МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • кітап оқуды насихаттау және балалар шығармашылығымен таныстыру;
  • әдебиетке қызығушылықты арттыру және оқырмандардың ой-өрісін кеңейту;
  • балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің жүзеге асуына ықпал ету;
  • кітапхана, кітап және кітап оқуды насихаттау барысында жаңа ақпараттық технологиямен жұмыстың әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • кітап оқуды, кітапхананы пиар-технология көмегімен жарнамалаудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Кітап мерекесі аясында балалардың шығармашылық сайыстары өткізілсін:

«Әлемге танылған тұлға» атты жас суретшілер сайысы:

талаптар:

  • Абайдың табиғат лирикасы бойынша сурет салу;
  • сайысқа қатысушылар 1 – 4 сыныптар;
  • суреттер  А-3 немесе А-4 көлеміндегі форматта қабылданады;
  • қатысуға шынайы немесе қиялдан шыққан суреттер қабылданады   (орындау техникасы: кез келген бояу немесе жазу-сызу құралдары);
  • орындалған жұмыс 2 см көлеміндегі ақ жиектермен қапталып, суреттің оң жақ төменгі бұрышында қатысушы туралы ақпарат орналассын: аты-жөні, сыныбы.


«Әлемге танылған тұлға» тақырыбында сынып кітабының сайысы: сайысқа дайындық 6 ақпаннандан 3 сәуірге дейін;

талаптар:

  • сайысқа қатысушылар 6 – 8 сынып оқушылары;
  • сынып кітабын жасау барысында кітап құрылымын сақтау керек (мұқаба, титул беті, алғысөз,  мазмұны, арнайы рубрикалар);  
  • сайысқа сынып оқушыларының шығармашылығы толық қамтылу керек (оқушының шығарған өлең-тақрақтары, әңгіме-ертегілері, салған суреттерімен ребустары т.б.) 
  • кітап көлемі А4 форматында 24 беттен төмен болмауы және шриф көлемі 14 болуы керек.

сайыс төмендегі критерийлер бойынша бағаланады: 

  • жаңашыл ізденіс пен қайталанбас ерекшелік; 
  • ереже тәртібін сақтау.


САЙЫСТАРДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

  • сайысқа дайындық 6 ақпаннандан 3 сәуірге дейін;
  • сайысқа қатысатын талапкерлердің суреттері сәуірдің 3 дейін қабылданып сараптан өтеді;
  • сайыс қорытындысы  6-10 сәуір күндері өтетін Кітап мерекесінде жарияланады;
  • қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылады;
  • жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады;
  • жеңімпаздардың жұмыстары мектеп сайтына енгізіледі http://www.shakarimschool.kz/

            Сайысқа  жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және рецензия берілмейді.