Республикалық «Үздік педагог – 2025»
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік педагог – 2025» байқауының қорытындысы жарияланып, Республика күні қарсаңында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде министр Жұлдыз Сүлейменова жеңімпаз ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісін және 1000 АЕК көлеміндегі сыйақыны табыстады. Сол үздіктердің қатарында – «Үздік 100 мектеп – 2025» тізіміне енген Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының тарих пәні мұғалімі, облыстық және республикалық байқаулардың