«10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда!
«10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда! Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және педагогикалық тәжірибені жаңарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «10 кітап – 1 мақсат» оқырмандық жобасы аясында мазмұнды іс-шара өтті. 27 қаңтар күні қазақ тілі және әдебиет бірлестігінің мұғалімдері Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне терең талдау жасады. Талқылау барысында шығармадағы ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, адамгершілік пен отансүйгіштік идеялары