«10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда! » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда!
30
қаңтар
2026

«10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда!

«10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда!
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және педагогикалық тәжірибені жаңарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «10 кітап – 1 мақсат» оқырмандық жобасы аясында мазмұнды іс-шара өтті.
27 қаңтар күні қазақ тілі және әдебиет бірлестігінің мұғалімдері Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне терең талдау жасады.
Талқылау барысында шығармадағы ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, адамгершілік пен отансүйгіштік идеялары кеңінен қозғалды.
Іс-шараға дене шынықтыру бірлестігінің мұғалімдері мен машықкерлердің  қатысуы іс-шараның мазмұнын байытып, ұжымдық бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Көркем шығарма арқылы ұлттық құндылықтар мен адамгершілік идеяларын талқылау – барлық пән мұғалімдерін біріктіретін ортақ рухани кеңістік екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Мұндай бірлескен іс-шаралар педагогтердің тек кітап талқылау емес, ұстаздардың рухани дамуына, кәсіби көзқарасын кеңейтуге бағытталған тағылымды кездесу болды.
Кітап оқу – дамудың бастауы, ал бірлескен оқу – кәсіби өсудің кепілі!​https://www.instagram.com/reel/DUHw3mJDFkL/?igsh=MTdmczBhMTA5MzhxbA==​​​