Қуат Қиықбаймен дәріс
Бүгін гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында тағылымды да мазмұнды кездесу өтті. 11-сынып оқушыларына арнап «Алаш арыстары. Мұхтар Әуезов» музейінің қызметкері, жазушы Қуат Қиықбай дәріс оқыды. Кездесу барысында ол Әлихан Бөкейхановтың ұлт мүддесі жолындағы ерен еңбегі, өмірлік ұстанымы мен тарихи тұлғалық болмысы жайлы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар Семей қаласының бай тарихына тоқталып, оқушыларға тың деректер мен құнды мәліметтер ұсынды. Осындай тағылымды шаралар жас