ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды шара » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды шара
05
ақпан
2026

ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды шара

Бүгін гимназиямызда 11-сынып оқушыларына алдағы ҰБТ-да рухани қолдау көрсетуге арналған мазмұнды да тағылымды шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға ата-аналар қауымы ерекше ықылас танытып, шараның өтуіне тікелей мұрындық болды.

Кездесу барысында ата-аналар жас түлектерге жүрекжарды лебіздерін арнап, әр оқушының білім сынағынан абыроймен өтіп, өз мақсат-мұратына жетуіне шынайы тілектестігін білдірді. Ақжарма тілектер мен жылы сөздер оқушылардың бойына сенім ұялатып, алдағы маңызды кезеңге жігерлендіре түсті.

Ата-ана мен мектеп арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті айқындайтын бұл шара түлектерге үлкен рухани демеу болып, жауапты сынақ алдында олардың өз күшіне деген сенімін нығайтты.
https://www.instagram.com/reel/DUYryR4AMya/?igsh=MXU1djFjb2pjY3hmMw==​​​