1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар ел Президенті халқымызға өз Жолдауын арнады. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар ел Президенті халқымызға өз Жолдауын арнады.
02
қыркүйек
2022

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар ел Президенті халқымызға өз Жолдауын арнады.



1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды.Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті жолдауын әрбір Қазақстандық зор ықыласпен тыңдап, толғаныспен қабылдадық.
Президентіміз тарапынан алға қойған мақсат-міндеттер мен экономикалық, әрі әлеуметтік салаларға көңіл бөлінгені көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын.
Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында: Президенттің өкілеттігінің 7 жылда бір рет болатынын айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті жүйелі қолдау қажет, жастарға қолдау көрсетіп, көмектесу керектінін басты назарда ұстады. Жастарға жасалып жатқан қолдау, болашағымызға жасалған мүмкіндік деп білемін. Осы тұста, білім алушыларға оқу ақысын төлеу үшін 2-3 проценттік несие беру және жастардың бизнесіне қолдау көрсету қарастырылды.
Сондай-ақ президент зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажеттігін айтты. "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасы іске қосылады.
Жалақы деңгейі өсіп, әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді.
Президент атап көрсеткен: Терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, тағы басқа азаматтық ұстанымға тән адами қырлар біздің ұстаздар қауымының да ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымы. Сондықтан әр буынның маңдайындағы әртүрлі сынақтарға қарамастан күрделі міндет үдесінен шығу үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз ұстаздар қауымы, ұлт сапасын арттыруда жаңарған, жаңғырған «Ұлт аңсаған азамат" тәрбиелеуіміз керек. Соған ықпал жасап,үлесімізді қоса білейік.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.