Отбасы күні құтты болсын! » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
11
қыркүйек
2022

Отбасы күні құтты болсын!


Баршаңызды бүгінгі Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы - ең қымбат және құнды қазына. Сондықтан,  халықаралық отбасы күнінде Бiздiң ұжым барлық отбасына тыныш және жайлы пана тілейміз. Жақындарыңыздың қолдауы кез-келген қиындықты жеңуге көмектессін. Әрқашан Отбасыларыңызда тыныштық пен махаббат болсын!