«Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының үлесі» деген такырыпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының үлесі» деген такырыпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.
17
қазан
2022

«Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының үлесі» деген такырыпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.


2022 жылдың 17 қазан күні 10 «А» сыныбында «Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының үлесі» деген такырыпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты оқушыларға көшпелілердің әлемдік материалдық мәдениетке қосқан үлесін анықтау арқылы материалдық мәдениет ескерткіштері туралы білім беру болды.
Сыныпты «Ұлы Дала тұрғындарының киімі», «Андрондық Арқайым, Сынтасты қалалары», «Сақтардың қарулануы» және «Андрондық әскери арбалар және қарулар» деген топтарға бөле отырып, оқушыларды көшпелілердің материалдық мәдениетімен, өмір сүру дағдысымен таныстырды. Мұғалім сабақты Padlet тақтасында өткізу арқылы сыныптағы барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете алды. Оқушылар топтық және жұптық тапсырмалар орындап, өз жұмыстарын Padlet тақтасына жүктеп отырды. Тапсырмалар түрлі әдіс-тәсілдер бойынша ұйымдастырылып, оқушылардың тақырыпты түсінуіне септігін тигізді. Оқушылар көшпелілердің мәдениетін әлем елдері мәдениетімен салыстыра отырып, контур картамен де жұмыс жүргізді. Ұлттық киіз үйдің бөліктерімен оқушылар бір-бірін бағалап, сабақ соңында әр топ өзінің киіз үйін құрап шықты. Осы арқылы оқушылардың бойында ұлтжандылық, патриоттық құндылықтар қалыптастырылды. Үйге тапсырма беріліп, «Тілек терегі» арқылы кері байланыс жасалды.
Пән мұғалімі: Жумабекова Г.Б.