Оқушыларды оқытуға арналған платформалар » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Оқушыларды оқытуға арналған платформалар
19
тамыз
2020

Оқушыларды оқытуға арналған платформалар



Бұл платформалар арқылы оқу процесін құру ыңғайлы: оқу материалдарын орналастыру, талқылау жүргізу, кері байланыс алу және ұсыну.

Kundelik.kz.- бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі замануи орта.Бұл жүйе қазіргі уақытта еліміздегі барлық мектепте енгізілген электрондық портал. 

Бұл жүйе оқу процесін жеңілдетеді. Ата-ана - мұғалім – оқушы арасындағы үш жақты байланыс "Күнделік" жобасы арқылы нығая түседі. Кез-келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалайды. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес, электронды журналға баға қояды.


Daryn.online- бұл электронды оқыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың жетістіктеріне негізделген білім алаңы. Әр сынып оқушыларына барлық пәннен әр тақырып бойынша видео сабақты түсіндіріп, тест орындап, тапсырмаларды толтыруға арналған жүйе. Күнделікті әр сабақтан кейін порталға кіріп сол тақырыпты бекітуге арналған видео сабақтарға қатысуға болады. Әр түрлі конкурстар, олимпиадаларға қатысып, сертификат пен дипломдар алуға болады.


Bilimland.kz - бұл электронды оқыту саласындағы әлемдік көшбасшылардың жетістіктеріне негізделген білім алаңы. Бұл мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған әлемдегі ең озық білім мазмұнының ең үлкен жиынтығы. 


Google Classroom https://classroom.google.com/.Google Sites https://sites.google.com/-

Оқушылармен байланысқа шығып , сабақты түсіндіруге байланысты түрлі жиындар откізуге болады. 


«IMektep.kz – бұл қазақстандық әдіскерлер мен мұғалімдер әзірлеген бастауыш мектептің толық бағдарламасы. Әр сабақ интерактивті ойын тапсырмалары мен тесттермен бірге жүретін қысқа анимациялық фильмнен тұрады.


Twig-bilim.kz - бұл Қазақстан үшін кәсіби деңгейде оқшауланған халықаралық білім беру қызметі. Кешен химия, физика, биология, ғылым, математика және география пәндерінен мектеп бағдарламасына негізделген 1500-ден астам қызықтыратын қысқа метражды фильмдерден тұрады (шамамен 3 минут).


Kitap.kz (Қазақстанның ашық кітапханасы) - бұл 20000-нан астам шығармалар жинағы бар қазақ әдебиетінің ең үлкен тегін онлайн-кітапханасы.

Audiokitap.kz - бұл iOS пен Android үшін 1500-ден астам қазақ көркем әдебиеті мен 400 аудио ертегілерге тегін қол жетімді мобильді қосымша.


www.opiq.kz- платформасы. Интернет-ресурста мектеп оқулықтары бар. «Алматыкітап баспасы» баспасының оқулықтарының жиынтығы.


Academia.kz - бұл мұғалімдер мен ата-аналарға арналған білім беру алаңы. Оқытушылардың шығармашылық және ғылыми жұмыстарына арналған ғылыми тәжірибелер, оқу-әдістемелік материалдар мен педагогикалық әдебиеттердің үлкен жинағы.


www.itest.kz Оқушылар үшін өздігінен қосымша Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған сайт. 


YouTube – Әр пән мұғалімі өзінің жеке каналын ашып өз видеосабақтарын салып отыруға өте тиімді жоба.