Тоққарин Досымхан. Білімнің шежірелі ордасы. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Тоққарин Досымхан. Білімнің шежірелі ордасы.
05
қыркүйек
2022

Тоққарин Досымхан. Білімнің шежірелі ордасы.

Кітапты онлайн оқу

Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №5 қазақ орта мектебі – бір ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы. Мектептің тарихыазаттықтың символы болған Алаш қаласы мен ежелден оқу мен білімнің орталығы болған көне Семеймен  біте қайнасқан.

Семей – қазақ зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан бас қосатын орталық болды.

Сол орталықтан білім алған Қайролла Ибрагимов, Тұрлыхан Қасенов, Шырақбек Қабылбаевтар№ 5 қазақ мектебінің тұңғыш қарлығаш - ұстаздары болса, олардың қатары Махмутова Оразбүбі, Махмұтов Кәбір, Смағұлова Әдия, Бояубаев Жұматай, Сағындықов Ержан,  Жұманов Төкен сынды ұлағатты ұстаздармен толықты.

      Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханов, академик Сейіт Қасқабасов, Естекбаев Мұхаметжан, Исаханов Ілияс, Толықбаев Төлеуқадыр, Жетімғарин Дәулет, Дайырбеков Жетпісбек, ағайынды ғалымдар Дүйсенбаевтар сияқты т. б. өмірге құштар алғыр жастар оқып, тәрбие алды. 

        Мектептің 90 жылдық тарихы Семей қаласындағы тарихи құжаттандыру мекемесінің мұрағат деректері басшылыққа алынып жарыққа шықты.

      Мектептің өткені мен бүгіні жайында деректі әңгіме, естеліктер негізіне құрылғанкітаптың тілі жатық, мазмұны нұсқалық, танымы жоғары – көпшілік оқырманға арналған.