«2022-2023 оқу жылын аяқтау, сыныптан сыныпқа көшіру және Мақтау қағаздарымен марапаттау, мемлекеттік емтихан мен қорытынды аттестаттауға жіберу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «2022-2023 оқу жылын аяқтау, сыныптан сыныпқа көшіру және Мақтау қағаздарымен марапаттау, мемлекеттік емтихан мен қорытынды аттестаттауға жіберу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
26
мамыр
2023

«2022-2023 оқу жылын аяқтау, сыныптан сыныпқа көшіру және Мақтау қағаздарымен марапаттау, мемлекеттік емтихан мен қорытынды аттестаттауға жіберу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Гимназия директоры А.Аубакирова педагогтерді күн тәртібімен таныстырып өтті.Күн тәртібінде оқу жылының төртінші оқу тоқсанының және жыл қорытындысы,1-8,10 сынып білім алушыларын Мақтау қағазымен марапаттау, сыныптан сыныпқа көшіру, «Үздік» аттестатқа үміткер оқушыларды ұсыну, 11-сыныптардың білім алушыларын жылдық бағалары негізінде орта мектеп курсы бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына жіберу, «Алтын белгі» және «Үздік» аттестаттан үміткер оқушыларды тіркеу туралы директордың оқу ісінің меңгерушісі С.М.Тоқсеитова хабарлама жасады. Директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары Н.Қ.Мұқанова 2022-2023 оқу жылындағы педагог-қызметкерлерді аттестациялау қорытындысы және 2023-2024 оқу жылында біліктілігін көтеруге және бекітуге өтініш білдірген педагогтарға мемлекеттік қызмет көрсету. Жаңа оқу жылына аттестатау комиссиясының құрамын ұсыну мәселесіне тоқталды. Гимназия тарихында он жылдан аса уақыт тәжірибеде қолданылып жүрген педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатындағы рейтингілік жүйе педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып, ұстаздарға мотивация беруде . Әр ұстаз рейтингілік жүйеде параметрлер бойынша өз кәсіби деңгейінің мықты және осал тұстарын анықтай алады. Оқу жылының ІІ жарты жылдығы бойынша мұғалімдер рейтингісінің қорытындысы және жыл қорытындысымен «Жылдың үздік мұғалімі -2023», «Жылдың үздік сынып жетекшісі-2023» және үздік номинация иегерлері анықталып , ұстаздарға марапаттар табыс етілді.Жыл бойы тер төгіп ,еңбек еткен ұстаздар қауымының жеткен жетістіктері әріптестері арасында жоғары бағаланып, ұстаздарда үлкен құлшыныс тудырды.