"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты кеңейтілген отырысы » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты кеңейтілген отырысы
28
тамыз
2023

"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты кеңейтілген отырысы

2023 жылдың 28 тамызында Семей қалалық білім бөлімінің "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Абай облыстық білім бөлімінің басшысы Н.Н.Ахметқалиев, ЖОО мен мектеп басшылары, басшының орынбасарлары, ұстаздар қатысты. Мектебіміздің қол жеткен жетістіктері "Педагогикалық шеберхана, "Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан " атты  көрмеде көрініс тапты.  Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Б.З.Бұлабаев жыл бойғы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жетістіктерді атап өтті. Жыл бойғы жетістіктіктерімен көзге түскен ұстаздарды марапаттау рәсімі болды.Гимназия директоры А.Аубакирова көп жылғы ерен еңбегі үшін  кәсіподақ ұйымының "Еңбек ардагері" төсбелгісімен марапатталса, бастауыш сынып мұғалімі Р.Қ.Жүндібаева  Абай облысының, білім басқармасының "Құрмет" грамотасымен марапатталды. Ұстаздарды марапаттарымен құттықтап , жемісті еңбек тілейміз!