БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Шәкәрім атындағы № 5 гимназияда 1 қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты шараға  Абай облысы әкімінің орынбасары Байбеков Шалқар Заманбекұлы, Абай облысы білім басқармасының бастығы Ахметқалиев Нұржан Нығметоллаұлы қатысып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.
Мерекелік шара барысында гимназия директоры Аубакирова Алма Медетқызы мектеп тарихына тоқталып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Іс-шара барысында алғаш мектеп партасына отырған бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. 
Білім күніне орай 1-11 сынып оқушыларына «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Абай облысы Семей қаласы Полиция Басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің полиция қызметкері Сыздыкова Мадина оқушылар мен ата-аналарды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.