13
маусым
2024
“Жолың болсын, Жас түлек!” атты 11-сынып оқушыларына мектепті аяқтағанын растайтын құжат-аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті
Маусым айының 13-і күні “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы” КММ - де “Жолың болсын, Жас түлек!” атты 11-сынып оқушыларына мектепті аяқтағанын растайтын құжат-аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті.
Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Б.З.Булабаев қатысып, түлектерімізге ізгі тілектерін білдірді. Биылғы оқу жылында 66 түлек мектеп бітіріп, 4 оқушымыз “Алтын белгі” , 10 оқушы “Үздік аттестатқа” аяқтады.
Ата-аналар бітіруші түлектеріміздің болашағына ізгі тілектерін білдірді.
Түлектерімізді үлкен өмір жолына бастар қадамдары сәтті болуына тілектеспіз! Ақ жол тілейміз!