2024-2025 оқу жылында ұжымға қосылған әріптестермен «Ұстаз -жарқын болашақ иесі» тақырыбында сыр-сұқбат өтті » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылында ұжымға қосылған әріптестермен «Ұстаз -жарқын болашақ иесі» тақырыбында сыр-сұқбат өтті
11
қыркүйек
2024

2024-2025 оқу жылында ұжымға қосылған әріптестермен «Ұстаз -жарқын болашақ иесі» тақырыбында сыр-сұқбат өтті





Гимназия әкімшілігі мен  педагог-психологтары , 11-қыркүйек күні , 2024-2025 оқу жылында ұжымға  қосылған әріптестерді «Ұстаз -жарқын болашақ иесі» тақырыбында сыр-сұ[бат алаңына  қонаққа шақырды. Мамандарға көмек көрсету, жақын танысу және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында ойын-жаттығуларда ұйымдастырылды. 
Амандасу барысынан кейін «Менің бойымдағы сіздер білмейтін  қасиет...» атты ойын барысында әріптестеріміз ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салып қабілеттерімен, өнерлерін таныстырды. «Өзім-көршіме» ойын барысында шардың ішінен шыққан көңілді тапсырма орындап бір-біріне  көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. «Эмоционалды интервью» ойынында  әрістестеріміз рөлге еніп,  эмоциялардың ( жағымды, жоғары, стеникалық, аффект) түрлерін көрсетті. «Мұғалім болу...» жаттығуында , мұғалім болудағы мақсаттарын, не үшін бұл мамандықты таңдағандары туралы айтылды. Әріптестерімізге сәттілік тілеп, психологиялық кеңес жаднама ұсынылды.