Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында дизайнер, суретші, архитектор, «Ар ілімі» атты кітаптың және мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы эмблемасының авторы Ақанов Шалқар Асқарұлымен кездесу өткізілді. » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында дизайнер, суретші, архитектор, «Ар ілімі» атты кітаптың және мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы эмблемасының авторы Ақанов Шалқар Асқарұлымен кездесу өткізілді.
18
қазан
2024

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында дизайнер, суретші, архитектор, «Ар ілімі» атты кітаптың және мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы эмблемасының авторы Ақанов Шалқар Асқарұлымен кездесу өткізілді.



Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында  дизайнер, суретші, архитектор, «Ар ілімі» атты кітаптың  және  мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы эмблемасының авторы Ақанов Шалқар Асқарұлымен кездесу өткізілді. 
Кездесу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Базарханов Нұрболат Октябрьұлы өнер иесіне  өз арнауын жолдады.

Қазақ сәулет өнеріне қосқан жаңа сарынды
Қыл қаламға жан бітірген азаматсыз дарынды.
Ұлы Абай мен Шәкәрімге тереңінен бойлапсыз
Тіршілікте беру үшін барыңменен нәріңді.

Адамзаттың алыбы деп ұлы Абаймен сырластың
Шәкәрімнің шерін ұғып  шын дарынмен мұңдастың.
Жүрегіне терең бойлап тектілердің кешегі
Қыл қаламның құдіретімен  өлеңдегі сырды аштың.

Осылайша оқырманға жаңа шабыт сыйладың
Оған куә бола алады Ар ілімі жинағың.
Өмір мәнін өрнектеген еңбегіңіз елеулі 
Көрсетеді таза ақыл мен жүректегі иманын.

Сурет деген шеберлікпен,сұлулықтың әлемі
Мыңнан бірге берілетін құдіреттің өнері.
 Көз көргенді айнытпастан ақ қағазға түсіру
 Таңғажайып талантпенен  ақыл ойдың шебері

Ұлы Абай Мұхтар туған біз киелі халықпыз 
Ұлылардың еңбегінен өшпес азық алыпсыз
Бір ғасырлық тарихы бар бұл киелі орданың 
Мерейіне үлес қосып эмблема салыпсыз

Зер салсаңыз шұғыласын төккендей нұр шапағат
Бұл еңбектен көрінеді ұлтқа деген махаббат 
Шалқар сынды шын дарынды ұлы барда артында
Шәкәрімдей заңғарларда мәңгі бірге жасамақ

Жатқан шақта қазақ елі шын рухани жаңғырып 
Елдің көшін алға тарту біздер үшін заңдылық 
Шалқар аға шабытыңыз шарықтасын қашанда
Қыл қаламның құдіретімен бар әлемді таң қылып!