12
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші өтті
«Тәуелсіздік – мәңгілік мұратым» атты поэзия кеші Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияда жоғары деңгейде өтті. Шарада Алаш қайраткерлерінің мұрасы жырмен өріліп, ашаршылық, репрессия, Желтоқсан оқиғасы көріністер арқылы терең жеткізілді. Оқушылар «РУХ» әнін тебіреніспен орындап, тәуелсіздік құндылығын жүректеріне жақын қабылдады.
Кештің құрметті қонақтары — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қатысушылары Айжан Мұқышева, Айгүл Ахметқалиева, Бақыт Орақбай және Эльмира Жүрсінбекқызы әсерлі естеліктерімен жастарға рух берді.
Шара соңында қатысушылар «Атамекен» әнін бірігіп орындап, елге деген сүйіспеншілік пен рухани бірлікті сезінді. Тәуелсіздік — бабалар аманаты, мәңгілік мұрамыз!
https://www.instagram.com/p/DSLJ7keADc8/?igsh=anFiNDZzM25wM3c5