05
қаңтар
2026
Қайым Мұхаметханұлының туғанына 110 жыл
2026 жылдың 5 қаңтар күні ұлт руханиятының көрнекті өкілі, ғалым, абайтанушы Қайым Мұхаметханұлының туғанына 110 жыл толуына орай ғалымның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Тағылымды шараға «Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясы» КММ директоры Муканова Нұргүл Құлжағазықызы қатысып, ғалым рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.
Айта кету керек, Қайым Мұхаметханұлы — осы білім ордасының түлегі. Бұл — гимназия ұжымы мен оқушылары үшін зор мақтаныш. Ұлт тарихы мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның өмірі мен еңбегі жас ұрпаққа әрдайым өнеге. Гимназия мұражайында Қайым Мұхаметқанұлына арналған арнайы бұрыш ашылып,ғалымның кітаптары, мұрағаттар қойылған.
Қайым Мұхаметханұлының ғылыми мұрасы — қазақ руханиятының алтын қазығы болып қала береді.