23
қаңтар
2026
«10 кітап – 1 мақсат» жобасы аясындағы тағылымды іс-шара

Қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және педагогикалық тәжірибені жаңарту – маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы бағытта қолға алынған «10 кітап – 1 мақсат» оқырмандық жобасы ұстаздардың өзін-өзі дамытуына, рухани және кәсіби тұрғыдан өсуіне үлкен мүмкіндік беруде.
2026 жылдың 23 қаңтар күні Аталған жоба аясында ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Танакөз» шығармасын оқып, ұстаздар арасында мазмұнды талқылау іс-шарасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – көркем шығарма арқылы адамгершілік, адалдық, махаббат пен ұлттық құндылықтарды насихаттау, сонымен қатар мұғалімдердің оқу мәдениетін арттыру болды.
Талқылау барысында қатысушылар шығарманың идеясы, кейіпкерлер әлемі, автордың көтерген әлеуметтік және рухани мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, «Танакөз» бейнесі арқылы берілген тазалық пен адалдық ұғымдары, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтардың маңызы кеңінен сөз болды. Мұғалімдер шығарманы оқыту үдерісінде қолдану жолдарына да тоқталып, тәжірибе алмасты.
Іс-шара ұстаздар үшін тек кітап талқылау емес, кәсіби дамуға, рухани жаңғыруға бағытталған тағылымды басқосу болды. Мұндай жобалар мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттырып, үздіксіз білім алуға деген ынтасын күшейтетіні сөзсіз.https://www.instagram.com/reel/DT2exLoDOJh/?igsh=bDl1cnRxbjl6MnU2