«Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі
04
ақпан
2026

«Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі

«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында қазақ әдебиеті мен ғылымының көрнекті өкілі, жазушы, абайтанушы, ғалым, аудармашы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.
Қайым Мұхамедханов — абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Ол Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын зерттеуде ерекше еңбек сіңіріп, ақын шығармаларының түпнұсқалық мәтіндерін қалпына келтіру бағытында ауқымды текстологиялық жұмыстар жүргізді. Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектері ұлттық әдебиеттану ғылымының дамуына зор үлес қосты.
Виртуалды көрмеге Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттеуге байланысты жазылған ғылыми еңбектері, зерттеу кітаптары, жинақтары мен аударма басылымдары ұсынылды. 
Аталған виртуалды кітап көрмесінің мақсаты — оқырмандарды ғалымның кітаптары арқылы оның ғылыми мұрасымен таныстыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Виртуалды көрмемен танысып, ұсынылған кітаптарды жақынырақ оқу үшін кітапханаға келіп оқуларыңызға болады.
Көрме оқырмандарды ұлттық рухани мұрамен тереңірек танысуға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DUU9Z1FDITt/?igsh=MWtrcHo1M2NiODZrdQ==​​​