«Knowledge of a foreign language and culture makes a person equal to these people, he feels free» aтты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығы өтті. » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » «Knowledge of a foreign language and culture makes a person equal to these people, he feels free» aтты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығы өтті.
21
ақпан
2020

«Knowledge of a foreign language and culture makes a person equal to these people, he feels free» aтты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығы өтті.

«Knowledge of a foreign language and culture makes a person equal  to these people, he feels free» aтты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығы өтті.

          2020 жылдың 17-21 ақпаны аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияда ағылшын тілі бірлестігінің «Knowledge of a foreign language and culture makes a person equal  to these people, he feels free» атты ағылшын апталығы өткізілді.
           Апталықтың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
           Мектепішілік арнайы бағдарлама -  жоспар жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды.  Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылды. 

 

17.02.2020 жылы   - Апталық Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына аясында өткізілгендіктен салтанатты жиын ақынның Көзімнің қарасы атты өлеңімен басталып, соңында Абайдың өмірінен қысқаша шолу ретінде 5 және 10 сынып оқушылары спектакль қойылды.   


18.02.2020ж- Бастауыш сынып оқушылары арасында “The symbols of London атты көрме жұмысы өткізілді. 1-4 сынып оқушылары Лондонның символдарын жасап, көмеге жұмыстары қойылды. Көрме жұмыстарын бағалау үшін арнайы коммисия құрылып, оқушылар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Көрмеде ерекше болып бірнеше жұмыс аталып өтті. Шақабаев Бауыржан 1 Б сынып оқушысы, Елдосұлы Диас 1 Ә сынып оқушысы, Мұратбек Мұхамеджан 3 Б сынып оқушысы, Серикканов Дарын 2 А  сынып оқушысы, Спатаева Жанерке 2 В сынып оқушысы, Агатанова Айнель 2 Ә сынып оқушысы, Серік Тамерлан 1  А сынып оқушысы, Мақсатқызы Айсана 1 Ә сынып оқушысы. Ең белсенді болып қатысқан оқушыларымыздың жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, жұмыстары болашақта мектептегі ағылшын тілі кабинетінің музейіне ұсынылды.

18.02.2020ж. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жаманбалинова Д.М коучинг өткізді. Коучинг қазіргі заман талабына сай, жаңа технологияларды пайдалану арқылы өткізді.


18.02.2020ж- 5-8 сынып оқушылары арасында “In the World of Abai” атты   квест ойындары өтті. 

 Өткізілген іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Абай және оның поэзиясын насихаттау, оны қастерлеуге тәрбиелеу, оқушылардың мәдени, әдеби ой-өрісін дамыту, ойын арқылы шет тілдерді үйренуге қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Квест ойындарында оқушылар Абай және оның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін ортаға салды.


Жалпы квест ойындары 5 айналымнан тұрды. Әр айналымда оқушылар сұрақ-жауап, сәйкестендіру, ребустар мен сөзжұмбақтар және т.б. арнайы деңгейлік тапсырмаларды орындады. Ойын барысында оларға 5 гид және аудармашы тарапынан көмек көрсетілді.  Сондай-ақ, арнайы жеңілдіктер: досыма қоңырау, Абайдың бір өлеңін ағылшын тілінде жатқа айту және т.б. болды. Ең соңында әр айналым сайын жинаған сөз тіркестерімен Абайдың 1 нақыл сөзін құрап, қазақ тіліне аударған топ жеңіске жетті.
           
19.02.2020 ж - 2-3 сынып оқушылары арасында “The smartest” атты сайыс өтті. 

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

         Балалардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың бәрі де білімдерін көрсете білді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымыз міне, қайрат жігерімен дараланып алға озып шықты.

          Бұл ойында оқушылар әр қадамды басқан сайын, сол әріптен басталатын сөздерді ағылшын тілінде айта отырып қадамның соңына дейін жылдам жеткен оқушы үздік деп танылды. 

20.02.2020ж -  4 –сынып оқушылары арасында “Who wants to be a millionaire?” атты зияткерлік сұрақ-жауап сайысы өтті. 


              Бұл  баланың ынта-ықыласын күшейтетін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты, қайнар көзі болатын сайыстың бір түрі. Бұл іс-шара түрлі тақырыптарды қамтыды, қызықты тапсырмалар берілді, слайдтар бойынша өткізілді. Оқушылар ойынға қызығушылықпен қатысты. Сайыста оқушылар ағылшын тілінен жан-жақты білім деңгейлерін көрсете білді. 

          21.02.2020ж – 2 – 9 сынып оқушылары арасында  Poetry is the queen of languages”  Абайдың «Поэзия - тілдердің патшайымы» атты байқауы өткізілді. Сайыс соңында 2 – 4 сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың аударған шығармаларынан қуыршақ театрын ұйымдастырды.  



         21.02.2020 ж  - Ағылшын тілі апталығының өтілуі барысында Guess it! атты 2-11 сыныптар арасында әр түрлі тақырыптарға байланысты оқушыларға ағылшын тіліндегі ребустар, жұмбақтар, кроссвордтар, тесттерді шешу ұсынылды.

21.02.2020 ж. Апталықтың бесінші күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері әр сынып оқушыларымен көптеген іс шаралар өткізді. Бұл іс-шарада тақырыпқа байланысты мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ағылшын тілінен үйренген өлеңдерін, әндері мен билерін, көріністерді сахна төрінде мұғалімдер мен оқушылар арасында көрсете білді. Болашақта ағылшын тілінде жазылған кітаптардың авторларының арасынан біздің оқушыларымызды да кездестірерміз деп үміттенеміз. Үздік қабілетімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түскен оқушылар, жеңімпаз сыныптар арнайы мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

             Оқушыларымыз апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтары арта түсті.
           
Барлық шараларды ұйымдастыруда жаңа технологияны, АКТ –ны тиімді қолданып өтілгендігі атап өтілді