Дурмекбаева Жанар Нурлыбековна » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
13
қараша
2018

Дурмекбаева Жанар Нурлыбековна

Дурмекбаева Жанар Нурлыбековна, Математика пәнінің мұғаліміДурмекбаева Жанар Нурлыбековна  - математика пәні мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл, жоғары санатты, шебер (мастер), 1970 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын  1992 жыл, Математика және қосымша физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
        ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері төс белгі иегері 2011ж; 2006 жылдан бері Ұлттық Бірыңғай тестілеуге(ҰБТ) арналған тест тапсырмаларының әзірлемешісі  және сарапшысы; Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған цифрлық білім беру ресурсына сараптама жасаушысы, 2015ж; Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы III-орын иегері,  2016ж.  Алматы қаласы; «Ойлау логикасы» мұғалімдерге арналған көмекші құрал авторларының бірі, ISBN 9965-9944-2-0 ; Математика пәні бойынша мұғалімдерге  арналған Республикалық қашықтық олимпиада (КИО)   2-орын, 2017ж;  3-орын,  2018ж   жеңімпазы.
        Жанар Нурлыбекқызы «Математика сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана  отырып оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша оқу- әдістемелік жұмыстармен айналысуда. Сабақтарында оқушы білімін тексеру және бағалауды деңгейлеп жүргізеді, сонымен қатар топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұтымды пайдаланады. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері)деңгей бағдарламасын бітірген (№0002421ПШО Семей қ. Филиалы, 118.12.2013ж). Мектепте құрылған «Табыс» мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының шағын тобы, «Сәт» фокус тобының жетекшісі. 
Ұстаз математикаға бейімділігі бар оқушылармен жекеше жұмыстар жүргізуге де көп көңіл бөледі. Оқушылары бірнеше жыл қатарынан  «Дарын» орталығы ұйымдастырған облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындарды жеңіп алып, мемлекеттік грант иеленді.