Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге арналған ұсыныстар » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге арналған ұсыныстар
20
тамыз
2020

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге арналған ұсыныстар

Қашықтықтан оқыту форматы геймификация үшін үлкен алаң құрады, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, өзін-өзі ұйымдастыруына мотивация үшін және, ең  маңыздысы, оқуды дербестендіруге мүмкіндік береді.

1. Қашықтықтан оқыту форматы ұсынатын жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдаланыңыз

Сабақ өткізетін платформаның кіріктірме құралдарын қолданыңыз (оқушылардың ұжымдық жұмысы, жұппен жұмыс істеу, өзара тексеру және т.б. үшін).

2. Айтуға және жазуға итермелейтін ашық сұрақтар қойыңыз

Жауабы «Иә/жоқ» (жабық сұрақтар) болатын сұрақтар және «Бұл маңызды ма?», «Дұрыс немесе дұрыс емес пе?» сияқты сөйлемдерден аулақ болыңыз. Мұндай жағдайларда оқушылар, әдетте, «ия» деп жауап береді де, содан кейін көпшілігі қобалжығанынан дәл осылай жауап бергенін мойындайды.

Ашық сұрақтар ойлауға, талдауға түрткі болады. «Мұны қалай жасауға болады?», «Неге сіз мұндай шешу тәсілін таңдайсыз?» және тағы басқаша сұраңыз.

3. Рефлексия өткізіңіз

Сабақ соңында  рефлексияға 2-3 минут бөліңіз – оқушылардан сабақ туралы ойланып, білгендерін жазып алуды сұраңыз. Содан кейін осы тұжырымдама немесе дағдыны практикада қалай қолданатынын сұраңыз. 

4. Викториналарды пайдаланыңыз

Оқушылардың түсінгенін тексеру үшін сабақ соңында қысқа викторина өткізіңіз.

5. Оқушылардан қорытынды жасауды сұраңыз

Оқушылар алған ақпаратты жинақтап, жүйелесін, сөйлемдерді өзгертіп айтып берсін. Мұны жазбаша да, ауызша да жүргізуге болады.

6. Қол сигналдарын пайдаланыңыз

Бұл стратегия алдын ала кішкене дайындықты талап етеді (қашықтықтан оқытуға көшудің басында) – сіз қол саусақтарының белгілі бір санымен (біреу – ештеңе түсініксіз, беске дейін - бәрі түсінікті) оқушылар   түсіну деңгейін көрсете алатынын түсіндіресіз. Сигналдарды қолдану мұғалімге үлкен топта сабақ мазмұнын түсінгенін тексеруге мүмкіндік береді.

7. Карточкаларды пайдаланыңыз

Сіз берген сұрақ немесе мәселенің жауабын көрсету үшін сынып оқушыларының барлығы бір уақытта индекс карта, карточка, белгі, жалауша, тақта, магнитті тақта немесе басқа да заттар —  кез келгенін көтеріп ұстап тұрады.

(Kahoot немесе Lectureraice пайдалануға болады)

8. Хормен дауыстап оқыңыз

Оқушылар алдымен оқулық мәтініндегі басты ойды немесе сұрақ жауабын белгілеп, сонан соң сізбен бірге хормен оқысын. Бұл стратегия оқу тездігін арттыруға; сұраулы және хабарлы сөйлемдерді ажыратуға; диалог оқуды, мәнерлеп оқуды машықтандыруға және т. б. мүмкіндік береді.

9. Бір сұрақпен сауалнама жүргізіңіз

1-2 минут ішінде жауап беруге болатын нақты тұжырымдалған мақсатты бағытталған  бір сұрақ қойыңыз. Содан кейін жауаптарды жылдам сканерлеңіз (мысалы, QR-код оқитын мобильді қосымшаларды пайдалана отырып) және оқушылардың түсінігін бағалаңыз (сондай-ақ, жауаптарды жылдам бағалау үшін Kahoot және басқа да сервистерді пайдалануға болады. Бірақ, көтерілген қолдарға қарап бағалау оңайырақ).

10. Сократ  семинарларын пайдаланыңыз

Бұл тақырыпты түсінуді жеңілдету немесе жаңаша ұғынуға  көмектесу үшін балалар сұрақ құрастырып, бір-бірінен сұрауды, пікірлерді толықтыру  және әңгіме  бастауды үйренетін семинарды ұйымдастыру тәжірибесі.

11. Үш стандартты сұрақты пайдаланыңыз (қабылдау 3-2-1)

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта не білгенін ойлайды: 3) олар сіздің сабағыңыздан не алды; 2) олар не туралы көбірек білгісі келеді; және 1) олар Сізге қандай сұрақ қойғысы келеді. Бұл рефлексия стратегиясы ойлау қызметін ынталандырады және ақпаратты өңдеуге көмектеседі.

12. «Есіктен шығуға билет» беріңіз

Сабақ соңында оқушылар қысқа уақыт ішінде сабақта көтерілген тақырып немесе проблеманы қалай түсінгенін жазбаша білдірсін. Әр жауап – бұл «есіктен шығуға билет", яғни сыныптан кету мүмкіндігі. Мұндай жаттығу көптеген идеяларды тез түрлендіріп қана қоймай, кейіннен олар тұтас жобаларға біріктірілуі мүмкін,  сондай-ақ сабақ соңында көңілді бір сәтке кенеліп, сабақтан бірінші кету құқығы үшін күресте бәсекелестік сарын  қосады.

13. «Рефлексия күнделігін» жүргізуді ұсыныңыз

Бұл тәсіл сабақ соңында қолдануға қолайлы – «рефлексия күнделігінде» оқушылар сабақта туындаған өз ойын жазады, мысалы, не білді,  қиындықтар неден туындады, пайдалы деп санайтын стратегияларын немесе сабаққа байланысты басқа да тақырыптарды сипаттайды. Оқушылардың жұмысын оқи отырып, сіз жалпы және жеке қателер мен  жетістіктерді анықтай аласыз.

14. Қағазда қысқа қалыптастырушы бағалау жүргізіңіз

Балалар жеке  өздерінің білімі мен дағдыларын бағалайтын тест сұрақтарына қысқаша жауап береді. Бұл тест баланың өзін-өзі тексеруін, сондай-ақ мұғалімнің тексеруін болжайды және жекелеген оқушылардың прогресін, басқалардың жетістіктеріндегі олқылықтарды қадағалайды, алынған нәтижелерді ескере отырып, жұмысты одан әрі жоспарлауға көмектеседі (онлайн сауалнама жүргізуге болады).

15. Түсіну қателерін тексеріңіз

Оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша біле тұра қате түсінік беріңіз және олардан  неліктен келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіруді сұраңыз.

16. Аналогияда ойнауға шақырыңыз

Ұқсас оқыту өте тиімді болуы мүмкін. Оқушыларға сабақта зерделенген тақырып неге ұқсайтынын ойлануды және оны өз ұқсастықтары арқылы түсіндіруді ұсыныңыз.

17. Жиі тексеріңіз

Сабақта оқу материалын түсінгенін кемінде үш рет тексеріңіз!

18. Әр түрлі бағалау әдістерін қолданыңыз

Сіз үнемі әр түрлі жеке және топтық әдістер мен бағалау стратегиясын пайдалануыңыз керек. Бұл бір сабақ ішінде бір әдіс қайталанбауы тиіс дегенді білдіреді.

19. Бағалауды пайдалы етіңіз

Оқушыларды әрбір тексеру сізге: Курсты өзгерту қажет пе немесе жоспарлы түрде жалғастыру керек пе? Тоқтап, қайта бастау қажет пе? Аялдап,  қалып қойғандарға басқаша түсіндіру керек пе? деген сұрақтарға жауап беруі тиіс

20. Өзара оқыту мен өзара тексеруді ұйымдастырыңыз

Түсінгенін тексерудің ең тиімді әдісі бір оқушының басқа оқушыға өз білгенін үйретуге тырысатын стратегия болуы мүмкін.

21. «Білетіні бен білмейтінін» көрсетуді ұсыныңыз

Сіз t-диаграмманы жасай аласыз ба, ментальды карта сала аласыз ба немесе қандай да бір басқа құралдарды пайдалана алатындығыңызға қарамай оқушылар, өз ойы бойынша нені біледі, нені білмейтінін тізбелеп атайды. Бұл оңай емес,  біз, әдетте, нені білмейтінімізді дәл атай алмаймыз. 

Оқушылар өз білімдерін жиі дұрыс бағалай алмайтындықтан, бұл әдіс нақты емес. Бірақ бұл қалыпты – мақсат олардың өзін-өзі бағалауда нақты және толыққанды болуы емес, мақсат, сіздің олар нені біліп, білмейтіні туралы ойын   түсінуіңіз. Сондай-ақ, бұл – оқушылармен жаңа тақырыпта әңгімелесу үшін тамаша бастама.