Тұмауды алдын алу шаралары » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
03
ақпан
2020

Тұмауды алдын алу шаралары

Мектебімізде тұмау ауруын алдын алу мақсатында мектеп оқушылары мен ата-аналары арасында мектеп медбикелері мен № 2 емхананың дәрігерлері арнайы іс шаралар өткізді. Тұмау - жұқпалы ауру. Ол вирустармен қоздырылады, ағзаға ауа арқылы таралады, яғни мұрын және ауыз қуысы арқылы. Әдетте тұмаумен ауырған адамда дене қызуы өте ыстық болады, балаларда сіңірі тартылады. Тұмау індеті кезінде қоршаған ортаға ауру жұқтырмау үшін үйде қалу және дер кезінде емделумен айналысу үшін дәрігерге дереу қаралу қажет. Тұмауда өзін- өзі емдеуге болмайды. Дәрігердің өзі Сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес  диагноз қойып, қажетті емді белгілеуі қажет. Ауырған кезде емдеуші дәрігердің барлық ұсынымдарын: дәрі- дәрмектерді дер кезінде қабылдап, төсек тәртібін сақтауды қатаң орындау қажет, себебі ауырғанда жүрек- тамыр қызметі, ағзаның иммунды және басқа  жүйесіне көп күш түседі. Сұйықты көбірек ішу қажет, оларға: ыстық шай, мүкжидек немесе ит бүлдірген морстары, сілтілік минералды сулар жатады. Тамаққа құрамында С дәрумені бар (мүкжидек, ит бүлдірген, лимон және т.б.) өнімдерді  қолданыңыздар, сондай- ақ сарымсақ , жуа қосыңыздар.
Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз.  Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет. 
Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір рет пайдалантын қағаз майлықтармен жауып, оны пайдаланған кейін, тығыз жабылатын пакеттерге лақтыру қажет. Қолды жиі сабындап жуу керек, әсіресе жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды жапқаннан кейін. Сондай- ақ қолды тазарту үшін құрамында спирті бар тері антисептигі тиімді. Көзге, мұрынға,  ауызға қолды жиі тигізуге тырысыңыз. 
Жұқпалардың таратылуының алдын алу үшін, науқас адамды дені сау адамнан жеке бөлмеге оқшаулау керек (жеке бөлме бөлу қажет). Мүмкін болғанша науқас адаммен араласуды шектеу керек. Науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, күнделікті дезинфекциялау құралдарымен еденді сүртіп тазартқан жөн. 
Тұмаумен ауырған науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар медициналық бетперде (дәке танғыш) киюі керек, оны 3-4 сағат сайын айырбастау қажет. 
Отбасында немесе жұмыс ұжымында тұмаумен ауырғандар пайда болған жағдайда, тұмау аурушаңдығының алдын алу мақсатында (қарсы көрсетімдерді есепке алу және препаратты қолдану бойынша нұсқауға сәйкес)  вирусқа қарсы препараттарды қабылдауды бастауға ұсынылады (тамифлю, ингавирин, осколин май). 

ЕСТЕ  САҚТАҢЫЗ! 

Тұмаумен ауырғанда жатып емделу қажет; 
Дәрігерге дер кезінде қаралып, ерте емделе бастағанда (бірінші ауырған 48 сағатта)  тұмаудан кейінгі асқыну қауіпі төмендейді және өміріңізді сақтап қаласыз.