Амренова Ляззат Мамыржановна » "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
13
қараша
2018

Амренова Ляззат Мамыржановна

Амренова Ляззат Мамыржановна, математика пәнінің мұғалімі
Амренова Лаззат Мамыржановна  - математика пәні мұғалімі, еңбек өтілі 24 жыл, жоғары санатты, зерттеуші (исследователь), 1971 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын  1994 жыл, Математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
        ҚР білім министрінің алғыс хаты 2014 ж; Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған цифрлық білім беру ресурсына сараптама жасаушысы, 2015ж; Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы III-орын иегері,  2016ж.  Алматы қаласы; «Ойлау логикасы» мұғалімдерге арналған көмекші құрал авторларының бірі, ISBN 9965-9944-2-0 ; Математика пәні бойынша мұғалімдерге  арналған Республикалық қашықтық олимпиада (КИО)  үздік көрсеткіш 2017ж;  3-орын,  2018ж   жеңімпазы.
        Лаззат Мамыржанқызы  «Математика сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана  отырып оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша оқу- әдістемелік жұмыстармен айналысуда. Сабақтарында оқушы білімін тексеру және бағалауды деңгейлеп жүргізеді, сонымен қатар топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұтымды пайдаланады. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі)деңгей бағдарламасын бітірген (№0000656Семей қ. Филиалы, 22.12.2014ж). «Тәжірибедегі рефлексия» ДББҰ пшо 21.04.2017 Өскемен  қаласында оқып мектепте тренер ұстаз.    Мектепте құрылған «Табыс» мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының шағын тобы, «Алау» фокус тобының коучі. 
Ұстаз математикаға бейімділігі бар оқушылармен жекеше жұмыстар жүргізуге де көп көңіл бөледі. Оқушылары бірнеше жыл қатарынан  «Дарын» орталығы ұйымдастырған облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар сайысында жүлделі орындарды жеңіп алып, мемлекеттік грант иеленді.