Махаббат пен мейірімге толы «Жүректер диалогы» » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Махаббат пен мейірімге толы «Жүректер диалогы»
06
наурыз
2026

Махаббат пен мейірімге толы «Жүректер диалогы»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Жүректер диалогы» бірыңғай іс-шарасы аясында гимназиямызда аналары мен қыздарының қатысуымен ерекше тренинг өткізілді.

Тренингтің басты мақсаты – ана мен қыз арасындағы сенім, түсіністік пен жүректен шыққан жылы сөздердің маңызын сезіндіру. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне алғыс айтып, жүрекке жететін әсерлі сәттерді бірге өткізді.

Жылы диалог, шынайы эмоциялар мен отбасы құндылықтары туралы ой бөліскен бұл кездесу қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ана мен қыз арасындағы байланыс – махаббат пен мейірімнің ең таза көрінісі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Барша аналар мен аруларды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐https://www.instagram.com/reel/DViO7RtDHVR/?igsh=M3Q1ZGFpNDk3cnI4​​​