Облыстық оқу-практикалық семинары » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Облыстық оқу-практикалық семинары
18
сәуір
2026

Облыстық оқу-практикалық семинары

2026 жылғы 17 сәуір күні гимназиямыздың базасында «Цифрлық ұстаз және интеллектуалды технологиялар: STEAM бағытының мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқу-практикалық семинар өткізілді.
Аталған іс-шараны «Steam Lab» ЖШС бастамасымен, Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сай гимназия ұжымы бірлесіп ұйымдастырды.
Гимназиямызда 2025–2026 оқу жылынан бастап білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Steam Lab» ЖШС-мен өзара әріптестік туралы меморандум жасалды. Осы бағытта білім ордамызда STEAM технологияларын оқу үдерісіне енгізу және инновациялық тәжірибелермен алмасу жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған тәжірибе бүгінгі күні облыс көлемінде таратылып, педагогтермен бөлісілді.
Семинарға, Абай облысы білім басқармасының Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы М.К.Амирханова,Абай облысы білім басқармасының Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Д.Б.Жунусова, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК директоры Ж.Н.Ныязбекова, Абай облысы білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталық директорының орынбасары А.Р.Нигматуллина, Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Л.Тұрсынхановна және ABU Ақпараттық - техникалық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Д.Б.Махамбаев келді.  Абай облысы бойынша 60-қа жуық педагог қатысып, тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға зор мүмкіндік алды.​https://www.instagram.com/reel/DXQ6ar6jMwl/?igsh=eHkxZnNqb213NGFj​​​