«Арқан тартыс» ойыны өтті
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен спорт фракциясының ұйымдастыруымен үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Команда – бірлік күші» тақырыбы аясында тартысты да тартымды «Арқан тартыс» ойыны өтті 💪 Бұл сайыс – тек күш сынасу ғана емес, нағыз бірлік пен ұйымшылдықтың, өзара қолдау мен командалық рухтың көрінісі болды. Қатысушылар жеңіске деген жігерін, табандылығын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр команда соңына дейін күресіп, достық пен әділ бәсекенің үлгісін