Материалы за 10.02.2026 » "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атывндағы көпбейінді №5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі""
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 32-84-54
Директор:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
“Silk Way - 2026” атты халықаралық спорттық би турнирының жеңімпазы
10
ақпан
2026
“Silk Way - 2026” атты халықаралық спорттық би турнирының жеңімпазы
3 “В” сынып оқушысы Бекенова Айару Астана қаласында өткен “Silk Way - 2026” атты халықаралық спорттық би турнирында 1-орын және 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық  “Ой-сандық” оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауының жеңімпазы
10
ақпан
2026
Облыстық “Ой-сандық” оқу және математикалық сауаттылықтан
Бүгін қаламызда облыстық  “Ой-сандық” оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауы өтті. Байқауда облыс көлемі бойынша 14 команда, 140 мұғалім сайысқа түсті. Білім додасы өте тартысты өтті. Абай облысы білім басқармасы мен “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі” ЖШС ұйымдастырған сайысқа гимназиямыздан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Т.Сулейменова қатысып, жұптық сайыста жүлделі 3-орынды иеленсе, командалық сайыста Бас жүлдені қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы
10
ақпан
2026
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында «Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциясы бойынша 5 "Б" сынып  оқушылары жетекшісі Шакарова Арайлым Сержановна және мектеп кітапханашыларының жетекшілігімен Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына танымдық экскурсия жасады.          Биыл Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейдің ашылғанына 55 жыл толып отыр. Мұражай құрылған күннен бастап ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығын, оның Семей қаласымен тығыз
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
10
ақпан
2026
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
Гимназиямызда "лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тақырыптарында маңызды тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) зияны, оның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіптер, кибербуллинг, жалған ақпарат, алаяқтық, жеке деректерді қорғау жолдары туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалану, өз уақытын дұрыс жоспарлау,
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
10
ақпан
2026
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Ауа райының қолайсыздығына және көктайғақтың күшеюіне байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды қажетсіз жағдайда далаға шығармауларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше балалардың сыртқа шығуын шектеуді, жолда абай болуын және қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалауыңызды өтінеміз. Балалардың өмірі мен денсаулығы – баршамыз үшін маңызды. Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Гимназия әкімшілігі