10
ақпан
2026
"Лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тәрбие сағаты
Гимназиямызда "лудомания және интернеттегі қауіпсіздік" тақырыптарында маңызды тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) зияны, оның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіптер, кибербуллинг, жалған ақпарат, алаяқтық, жеке деректерді қорғау жолдары туралы нақты мысалдар келтірілді.
Оқушылар интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалану, өз уақытын дұрыс жоспарлау, виртуалды әлем мен шынайы өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау жөнінде пайдалы кеңестер алды. Талқылау барысында балалар өз ойларын ашық айтып, сұрақтар қойды.
Мұндай тәрбие сағаттары жас ұрпақтың саналы, жауапты және қауіпсіз ортада қалыптасуына ықпал етеді.